Басты бет > Саясат > Сайрам ауданы – ЖАҢА ӘКІМ, ЖАҢА БАСТАМАҒА!

Сайрам ауданы – ЖАҢА ӘКІМ, ЖАҢА БАСТАМАҒА!

Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Сапарәліұлы

Келгеніне көп бола қоймаған Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Сапарәліұлы Мамаевтың басшылығымен бірқатар жұмыстар қолға алынғаны белгілі. Жаңа басшы жаңа бастамаларды аудан көлемінде көтеріп жүргенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Соның ішінде сүт өнімдерін бірлесе шығару арқылы, ортақ табыстың көлемін ұлғайтатын мемлекеттік бағдарламалардың әсерін зерделеп келген әкім, жеке кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне бірігуін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда жоғары бағалайтындығын жеткізді және жаңа жұмыс орындарының ашылуына барынша қолдау білдіруге ниетті екендігін жасырмады. Яғни шағын субьектілердің бірігуі – қазынаға мол қаражат әкелетіндігін көруімізге болады. Демек әкім дұрыс бағытта жұмыс жасап жатыр.

Алдағы уақытта Сайрам ауданының экономикасы ілгері жылжыйды деген ниеттеміз. “Қарабұлақ Сүт” АШӨК ағымдағы жылдың 5 мамырында тіркеліп, жобаның жалпы құны 48 млн теңгені құраған. Жоба бойынша сүт қабылдау бекеттерінің саны 4, сиыр саны 800, әр бір жанұяның бір айлық табысы 187,5 мың теңге. Мемлекеттен субсидияландыру арқылы қолға алынған бұл жоба алдағы уақытта өз жемісін бере жатар. Ал жаңа әкімнің бұл салаға көңіл бөлуі көптің көңілінен шығып отыр.

 

 

 

Шарасулов Мансур “Қарабұлақ сүт” АШӨК төрағасы

 

Сағындық Жанысбаев 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.