Басты бет > Саясат > Сайрам ауданы: Байлықтың көзі – еңбекте

Сайрам ауданы: Байлықтың көзі – еңбекте

15
views

Сайрам ауданының ауылшаруашылығы еңбеккерлерін «бай» деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, олар байлықтың да бақыттың да көзі еңбекте екенін жақсы біледі. «Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» демекші, таңның атысынан кештің бастысына дейін егін егіп, мал баққан шаруалардың ауданның әл-ауқатының артуына қосып жатқан үлесі орасан зор.

Бір ғана мысал. Өткен 2017 жылы ауылшаруашылығы саласында 58,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өз кезегінде 206 мыңнан астам халқы бар Сайрам ауданы үшін жақсы көрсеткіш. Үстіміздегі жылы одан да жоғары көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған. Яғни, аталған салада 63,0 млрд.теңгенің өнімін өндіру мақсаты тұр. 7 айдың өзінде меже 25,4 млрд.теңгеге жеткен. Жыл басынан ауданда 51,1 мың Га жерге егістік орналастырылды. Бұл бағыттағы жоспар артығымен орындалып, 100,6% құрады. Ауылшаруашылығының дамуына дүмпу беретін бағыттардың бірі – жылыжай. Өткен жылы 8,1 Га жерге жылыжайлар салынып, 111 Га аумаққа тамшылатып суғару әдісі ендірілді. Осылайша, жұмыс істеп тұрған жылыжайлардың көлемі 27,5 гектарға, тамшылатып суғарылатын жердің көлемі 456 Га жетті. Биылғы жылдың жоспары 10 Га жылыжай салу болса, оның 2,7 гектары орындалып отыр. Мәселен, Ақсукент ауылында жеке кәсіпкер «Жүзбаев» 1 Га өнеркәсіп жылыжай кешенін іске қосты. Онда негізінен қияр егіліп, 120 тонна өнім алды. Сол сияқты, жеке кәсіпкер «Өтемісов» 1,2 Га аумаққа фермерлік жылыжай орналастырып, 80 тонна қияр жинап алды. Бұдан бөлек, тамыз айында Қарамұрт ауыл округінде 8 га өнеркәсіптік жылыжай кешені құрылысы басталды. Жыл соңына дейін іске қосылуы күтілуде. Осылайша, жылдық тапсырма орындалады деген болжам бар. Ауылшаруашылығы саласындағы шаруаны мол табысқа кенелтетін бағыттарды бірі — қарқынды бау егу. Ауданымызға берілген жоспар 50 Га болса, оның 34 гектарына қарқынды бау орналастырылып отыр. Сонымен қатар, Қайнарбұлақ ауыл округі аумағында «DALA FRUIT.KZ» ЖШС-на қарқынды бау егу үшін 50 гектар жер рәсімделіп берілді.

Дәурен Дүйсебаев, Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *