Басты бет > Жастар > Сайрам ауданының жастары жарқын болашаққа нық сенімде!

Сайрам ауданының жастары жарқын болашаққа нық сенімде!

21
views

САЙРАМНАН ШЫҚҚАН ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ

   Көк тудың желбірегенін жанына медет тұтып, шет елдерде әнұранымызды әуелете шырқатып жүрген былғары қолғап шеберінің бірі — Бабыржан Момынов. Бүгінде мұхит асып әлемдік аренада өз мықтылығын көрсетіп жүрген былғары қолғап шебері өзге елдің әсем табиғатынан кіндік қаны тамған жерінің топырағын артық санайтын кәсіпқой боксшы.
Түркістан облысы, Сайрам ауданның тумасы Бобиржан Моминов таяуда Ақтөбе қаласында өткен xалықаралық сайыста грузиялық қарсыласын нокаунтпен жеңіп, 2 белбеудің иесі атанды.
Спортқа ең алғаш қадамын Б.Саттарханов спорт мектебінде 2 жыл оқып, кейбір жарыстардан шет қалуына байланысты Қарағанды облысындағы спорт мектебіне ауысып, 8 жыл Қарағанды облысының намысын қорғады. Өзінің жеңіске деген құштарлығы арқасында Республикамыздың жеңіпазы атанды. Бобуржанның ең басты жетістігі әскерилер арасында әлем чемпионы болуы. Әлем чемпионы болған соң өзінің тәжірбиесіне сенім арта отырып, АҚШ елінің Флорида штатына жол тартып, әлемнің үздік боксшыларымен жаттығу жасап, тәжірбиесін арттыруда.
Ең алғашқы кәсіпқойдағы жекпе-жегін Аргентина елінде өткізіп, жергілікті спортшыны 5 раундта нокаунтқа түсіріп алғашқы жеңісіне қол жеткізген.

САЙРАМ ЖАСТАРЫ ИГІ ІСТІҢ БАСТАМАСЫН БАСТАДЫ

На данном изображении может находиться: 2 человека, люди стоятСайрам ауданындағы «7Я» сауда орталығының 2-қабатында «Шарапат» әлеуметтік дүкені жұмыс жасайды.
Сайрам аудан әкімі орынбасары М.Оразалиевтің қолдауымен «Шарапат» әлеуметтік дүкені ашылды. Әлеуметтік дүкеннің ашылуына Сайрам ауданы «Жастар ресурстық орталығының» жанын құрылған мейрімді еріктілер клубының мүшелері атсалысқан. Дүкенге Сайрам ауданның тұрғындары өздерінің тұтынып жүрген таза киімдерін өткізіп, қажет ететін отбасылар қалаған киімін тегін алып кете алады. Алғашында «Жастар ресурстық орталығының» мамандары өздерінің 200-ден астам киім-кешектерін өткізіп халыққа ұсынған. «7Я» сауда орталығының басшысы, Сайрам ауданның құрметті азаматы Яша Чилингаров әлеуметтік дүкенне қолдау білдіре отыра сауда орталығынан тегін орын берген. Ашылған сәтте дүкенге келушілер аз болған. Ал соңғы уақыттарда өздері хабарласып, жаңадан тауарлар түскенін біліп отырады. Қазіргі таңда әлеуметтік дүкеннің тұтынушылар көбейіп өзалғыстарын айтуда. Сауда дүкеніне еріктілер күнде ауыса отыра келген адамдарға қызмет жасайды. Қазіргі таңда дүкенге кезекшілік жасап киімдерді қабылдап оларды реттеп дүкенге жайғастыруға тұрақты 20 ерікті жас тіркелген.

АҒАШ ҰСТАЛЫҒЫМЕН СУРЕТ ЖАНРЫН ҰШТАСТЫРҒАН ЖАС

На данном изображении может находиться: люди сидят и в помещенииСайрам аудынындағы талантты жастың бірі-ағаш ұстасы, суретші Атабек Бекболатов.
Өзінің мүмкіндігі шектеулі болса да, өмірге деген құштарлығының арқасында керемет туындылардың авторы.
Атабектің анасы баласының суретке деген өнерін 7 сыныпта байқаған. Нағашы атасынан дарыған бұл талантты Атабек жалғастыру үшін қазіргі таңда ОҚМУ-да кескіндемеде оқуда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *