Басты бет > Мәдениет > САЙРАМ АУДАНЫНДА КИНО АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

САЙРАМ АУДАНЫНДА КИНО АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

37
views

Сайрам ауданы  Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет сарайында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының қолдауымен, «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен өңірімізде түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығының ашылу салтанаты өтті.

«Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасының бастау алуымен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Оразалиев Мадияр Мұхтарұлы мен    «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев құттықтап, анимациялық фильмдердің жас буынға рухани тәрбие сыйлап, өскелең ұрпақтың болашағы үшін тарихи, танымдық тұрғыда берері мол екендігін жеткізді.
Жиын барысында балалар мен аудан тұрғындары «САҚ» киностудиясы түсірген «Күш атасы — Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Көне құмыраның сыры» анимациялық фильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» көркем фильмін тамашалады.
Шарада аудан өнерпаздары да әнінен шашу шашып, көрермендерге көңіл-күй сыйлады.
Апта көлемінде Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты  мәдениет үйлері мен жергілікті «Елнұр» телеарнасында киелі, тарихи мекендер жайында өңірімізде түсірілген фильмдер ел назарына ұсынылатын болады.
Кино апталықтың ашылу салтанатына  аудандық мәдениет қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар және ауыл тұрғындары, сонымен қатар, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, «Оңтүстікфильм» мекемесі мен «САҚ» киностудиясының өкілдері қатысты.

М.Жұмабайқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *