Басты бет > Саясат > Сайрамда 70-тен аса мал бордақылау алаңы ашылған

Сайрамда 70-тен аса мал бордақылау алаңы ашылған

Түркістан облысының Сайрам ауданында ауыл шаруашылығының бір тармағы саналатын мал шаруашылығы қарқынды түрде дамып келеді. Саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен несиелік жеңілдіктерді ұтымды пайдаланып келе жатқан сайрамдық шаруалар мал бордақылау мен сүт сауу аулаларын көптеп ашып, іске қосып жатыр.

Мәселен, жыл басынан бері ауданда 73 бірлік 10-15 бастық шағын мал бордақылау орны ашылған. Ал, аудандағы жалпы саны 913 мал бордақылау алаңында бір мезетте 32-33 мың бас мал бордақыланып жатыр.
Жалпы, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Сайрам ауданында ірі қара мал басы 25,4 пайызға, жылқы 14,3 пайызға, қой мен ешкі 19,3 пайызға артқан. Олардан 2018 жылдың басынан бері тірі салмақта 15,895 мың тонна ет, 75 мың тонна сүт және 9,479 млн.дана жұмыртқа өндірілген.
Осылайша, ауданның даму концепциясында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2018 жылға жоспарланған 6 жобаның 4 жобасы іске асып отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.