Басты бет > Мәдениет > Сайрамда «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»  облыстық өнер  фестивалі өтті

Сайрамда «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»  облыстық өнер  фестивалі өтті

26
views

Сайрам ауданында  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» өнер фестивалі өтті. Фестивальдің «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Қарамұрт ауылындағы «Хален баб»  және  «Жаныс баба»  кесенелерінде құран бағышталып, тарихшылар тың деректермен  таныстырды. Шара Ақсукент ауылы Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық клубында жалғасып, бүлдіршіндердің қатысуымен «Қымызмұрындық » және  «Уыз қаңырату» дәстүрлері көрсетілді. Сонымен қатар, фестиваль қонақтары  клуб ауласында «Алтыбақан» аясында Қыз – жігіт айтысы мен
қолөнер көрмесін тамашалады.

Қазылар алқасын аудан әкімі Б.Мамаев және ауданның зиялы қауым өкілдері қарсы алды.
«Абылай хан» алаңында   «Асыл әжелер» ансамблі мен ауданның зиялы қауым өкілдері қонақтарды «Сайрам – достық арнасы» этноауылмен таныстырды. Аудандағы 8 ұлттық мәдени орталықтарының  сәлемі мен  білім бөлімінің «Рухани жаңғыру» аясындағы қолөнер көрмелері ұйымдастырылып,  цирк өнері мен ауданның жас әншісі, республикалық байқаулардың бас жүлде иегері Мұсырманқұл Нұршаттың орындауындағы жергілікті сазгер Жанат Оралбаеваның әні «Абылай хан» орындалды.
Сонымен қатар, Қ.Жандарбеков атындағы  аудандық мәдениет үйінің фойесінде  ауылдық клуб мекемелері мен орталық кітапхана және аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының меңгерушілері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, халық шығармашылығы жанрларынан гала-концерт өтті.
Ауданда өткен фестивальге 400-ден аса өнерпаздар мен 800-ге жуық көрермен қамтылды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *