Басты бет > Мәдениет > РУХАНИ ҚАЗЫНА НЕГІЗІ – ЯСАУИ МҰРАСЫ» ЛЕКЦИЯСЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

РУХАНИ ҚАЗЫНА НЕГІЗІ – ЯСАУИ МҰРАСЫ» ЛЕКЦИЯСЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

16
views

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жан-жақты насихаттау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері түрлі мәдени іс-шараларды көптеп қолға алуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығы аясында музейдің қызметкері Гаухар Жүзбаева Түркістан қаласындағы №4 С.Сейфуллин мектебінің оқушыларымен кездесіп, «Рухани қазына негізі – Ясауи мұрасы» тақырыбында лекция оқып, жан-жақты пікірлер алмасты. Төрткүл дүниеге аты мәшһүр Қожа Ахмет Ясауидің мұралары мен әрбір ізгілікті жолы жайында тыңдаған өскелең ұрпақ, музей қорындағы барлық құнды жәдігерлермен танысуға да ынтықтығын білдірді.
Лекцияның басты мақсаты-балалар зейінін ұлылар жолын тануға аудару, танымын кеңейту және білікті мамандардың нақты деректерін тыңдатып, қолда бар құнды дүниелерді қадірлеп, қасиетті тұлғалар тарихын терең бойға сіңіруге баулу.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *