Басты бет > Мәдениет > Рухани жаңғыру мақаласының басты бағыттарына сәйкес: Шымкент қаласында Латын қарпіне көшу бойынша – 57 іс-шара ұйымдастырылған

Рухани жаңғыру мақаласының басты бағыттарына сәйкес: Шымкент қаласында Латын қарпіне көшу бойынша – 57 іс-шара ұйымдастырылған

Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында “Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі” арнайы жобасы 2025 жылға дейін жүзеге асырылатынын айтқан болады.Осыған орай «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУІ» арнайы жобасын жүзеге асыру, талқылау бойынша желілік кесте әзірленіп, іс-шаралар жоспары бекітілген. Кестеге сәйкес, бүгінде 57 іс-шара ұйымдастырылды.
«100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» жобасы бойынша мемлекеттік тілге аударылған екінші кезеңдегі 30 оқулықты таныстыру презентациялары барлық ЖОО, орта арнаулы оқу орындарында, бірқатар мекемелерде кездесулер, дөңгелек үстел, сұқбаттар өткізілді. Және ол шаралар жалғасын табуда.
Бүгінде қаладағы жоғарғы оқу орындарына алғашқы кезеңде шығарылған 18 оқулықтың 10 мыңнан астам данасы жеткізілді, жаңа оқу жылынан бастап, жаңа кітаптар бағдарламаға қосымша енгізіледі.

Медиаон ақпарат