Басты бет > Хабар > Рухани жаңғыру – болашағымыздың кепілі

Рухани жаңғыру – болашағымыздың кепілі

“Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік”-деп Абылай хан айтқандай елбасымыздың болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ісімізден санамыз озып жүру керектігі тайға таңба басқандай анық айтылған. Біздің ендігі мақсатымыз тарихи ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына ену. Елбасымыз бұл тұрғыда болашаққа қадам басатынымызды және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы рухани жаңғыру мақаласында өз қөзқарасымен, алға қойылатын мақсатты айқындады. Ал осы айқын мақсаттардың орындалуы үшін жасалатын қадамдар асқан көрегенділікпен жасалалуы тиіс. Елбасымыз айтқандай ” жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу “. . Себебі өткеніңді білмей болашақты болжау мүмкін емес. Ендеше болашаққа бұлыңғырсыз аяқ басу үшін тарихымызды жаңаша жандардыруымыз қажет. Елбасымыз бәсекелестіктің рухани жаңғыру үшін маңызы зор екенін атап өтті. Шыныменде бәсекелестіксіз ешнәрсе болуы мүмкін емес. Елбасымыз айтқан тұжырымды ойлар ешқандай ешқандай дәлеледеуді қажет етпейтін тәжірбиеден өткен қатаң қағидалар. Тәтіпке бағынған құл болмас дегендей біз елбасымыздың қадап айтқан қатаң қағидаларын қолдана отырып, дамыған елдердің көшін бастауымыз керек.
Елбасының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, тұңғыш Президент жаңғырудың 6 бағытын белгілейді:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Бұл бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. Олардың әрқайсысына егжей-тегжейлі тоқталу мақаланың басты міндеті емес екенін ескеріп, біз Екінші және Үшінші жаңғырулар – «Прагматизм» және «Ұлттық бірегейлікті сақтауға» назар аударсақ.
Елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «әуелі экономика, содан кейін саясат» атты әйгілі принципі баршаға таныс. Біздің ойымызша, оның сабақтаса дамуы қоғамдық сананы жаңғыртуда айқын көрінеді. Әлемнің жетекші елдерін табысқа жеткізген нақты прагматизм игілікке қол жеткізудің әмбебап кілті болып саналады. Дәл осының арқасында қоғамдық-экономикалық формация ретінде капитализм құрдымға кеткен социализмді біржолата жеңді.

Мақалада біздің ұлттық кодымыздағы прагматизмнің бар екендігіне дәлме-дәл негіздеме беріледі. Ұлы даладағы қатаң табиғи жағдайлар мен шөлейтті жерлердегі тіршілікпен байланысқан көшпенділік дәстүрі ата-бабаларымыздың бойына табиғатпен үндескен өмір салтын, яғни прагматизмді қалыптастырды. Өткен ғасырлардағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына талдау жасай отырып, Елбасы радикалдық идеологияның заманы мүлдем келмеске кеткенінін тұжырымдайды. Сол себепті, біздің болашаққа жасалатын ұранымыз реализм және прагматизм болмақ.
XIX ғасырда Германияның ұлы канцлері Отто Бисмарк Realpolitik мемлекеттік бағытын өмірге енгізді. Ол әртүрлі идеологиядан бас тартып практикалық тұжырымдарға басымдық берді. Сондықтан, Елбасының тұжырымы анық: біз жекелеген адамның және тұтас ұлттың мүмкіндіктері мен шектерінің аясында нақты мақсаттарға қол жеткізуді бағдарлауымыз керек.
«Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты екінші бағытқа қатысты тоқталсақ, Президент дамудың әмбебап үлгісі болмайтынын нақты жеткізіп, тек ұлттық модельді ғана алға тартады. Бұл тұжырым қазіргі заманғы дәуірдегі ұлт құрылысында аса маңызды болып табылады. Ортақ тіл, мәдениет, тарих – бұлар барлық заманда да қуатты мемлекеттің іргетасы екеніне ешкім дау туғызбаса керек. Бұл бағытта ең әуелі ұлттық рухты атап көрсеткіміз келеді. Бұл жерде біз Мемлекет басшысының «Тарих толқынында» атты келелі монографиясын парақтай отырып, тарихқа қысқаша шолу жасап көрсек. Біздің рухани бастауларымыз қазіргі Қазақстанның аумағында біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықта өмір сүрген ежелгі арийлерден басталады. Содан кейін саясат сахнасына бірінші мыңжылдықта билік құрған жауынгер сақтар шығады. Бұдан соң ұлы ғұндар дәуіріне кезек беріліп, олар түркілер билігіне дейінгі б.д.д. ІV ғасырда өмір сүрді. Одан кейінгі заманда орын алған тарихи оқиғалар еліміздің ақпараттық-мәдени кеңістігінде кең түрде көрініс тапты. Сондықтан, оларды қайта санамалап жатудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Генезистің және біздің ұлттық рухымыздың қалыптасуы мен дамуына екпін берген осындай ортақ құрамдастар бар. Айтылғандарды түйіндейтін болсақ, Мемлекет басшысының ұлттық рух туралы ұсынған тезисі Ұлы Дала елін дамытудың басты қозғаушы күшіне айналады.
XX ғасырда біз тағдырдың талқысымен дәйекті тарихи дамудың жалпыға бірдей сүрлеуінен шығып қалдық. Қазіргі таңда біздің елімізге заманымыздың бірегей мемлекет қайраткері, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өркендеп жатқан тәуелсіз мемлекетімізді жаһандық деңгейде дамуына жол ашатын латын әліпбиіне көшудің керемет жағдайы туып отыр. Біз мұны «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден-бір мүмкіндіктері деп білеміз.
Әрбір халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Мәселен, ағылшындар басты храмы – Кентерберий ғибадатханасын, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын, француздар Нотр-Дам-де Париді мақтаныш тұтады.
Бізде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Бұлар ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Алайда, қоғамдық санада бұл орындар туралы бірегей ұғым мен ортақ түсінік қалыптаспаған. Сондықтан, ұлтты ұйыстырудағы аталған стратегиялық міндетті орындауда осы жобаны жүзеге асырудың маңызы аса зор.
Рухани жаңғырудың маңызы мен мақсаты санасы сау, тарихын танитын,революциялық емес эволюциялық дамуды қолдайтын, прагматизмді сақтайтын заманауи талаптарды жатсынбайтын, әмбебап бола алатын жаңалыққа құштар, білімдар қоғам қалыптастыру. ” Рухани жаңғыруымыз жаңғырық болып қалмас үшін ” тұжырымды ойлардан, тағылымды тәрбие алып, ісімізден нәтиже шығаруымыз керек!!!

М.Абдалиева

“Медиа ON” республикалық ақпараттық құқықтық сараптамалық агенттігінің директоры-бас редакторы