Басты бет > Мәдениет > Руханиятта ысырапшылдыққа орын берілмеуі қажет

Руханиятта ысырапшылдыққа орын берілмеуі қажет

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауда мемлекеттік мүддені жоғары қою керек деді. Сондай-ақ, президентіміз “Мен халыққа берген барлық уәдемді міндетті түрде орындаймын.” деген сайлауалды бағдарламасында берген уадесінен айынымай бастаған қарапайым сөздері жүрегімізден орын алды. Заман талабына сай, бастау алған “Назарбаев моделімен” даму және осы бағытта өсіп, өрлеу керек! Бүгінгі теxнология әкелген жаңа мүмкіндіктер әрі қарай қарыштап даму керектігін атап өтті. Бәрінен де, мемлекетіміздің экономикасына сүбелі үлесін қосып отырған шағын және микробизнестің елдің жұмысқа орналасуы мен салық базасына үлес қосып, жергілікті қазынаны, яғни бюджетті нығайтатынын айтты. Дәл осы мәселеге орай мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде, берілетін көмек өз мақсатымен жаратылып, яғни кәсіпкер де адал болуы тиіс! Бұл дегеніміз, жұмысшылардың айлығы шайлығына жететін, отбасын асырауға мүмкіндік жасау керектігін,салықтан жалтармай, мемлекеттік мүддені жоғары қою керектігін баса айтты. Шындығында ол рас. Мұндай келеңсіздіктерге жол берілуде екені де жасырын емес! Сондықтан мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Есеп комитеті мен қаржы министрлігіне қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Мен елімнің патриоты, азаматы ретінде президентіміздің жолдауда айтқан әр сөзін қолдаймын! Жолдауда айтылған кәсіпкерге де, руxаният туралы ысырапшылдыққа жол бермеу жөніндегі мерейлі мерекелер жайында да, жалақы мәселесі, бәрінен де жер туралы айтылған түбегейлі мәселелердің шешімі менің жүрегімнен орын алды! Бұл тапсырмаларды елім деген әр бір азамат қолдау керек, жұмыла жұмыс атқаруға міндеттіміз!

Айтыскер Біржан Байтуов