Басты бет > Саясат > Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі Шымкентте көшпелі қабылдау өткізді

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі Шымкентте көшпелі қабылдау өткізді

Шымкентке «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Бақыт Темірова бастаған жұмысшы топ келіп, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Ең алдымен топ мүшелері қалалық партия филиалы ғимаратында орналасқан құқықтық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Азаматтардың шағымдарын дереу әрі тиімді шешу мақсатында 2017 жылы ашылған орталықта 20 заңдық қызмет тегін көрсетіледі.

Орталықта қала тұрғындарын құқықтық салада кездескен кез-келген мәселесі бойынша прокуратура, адвокатура, мемлекеттік

мекемелер өкілдері қабылдап, «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетеді.

Партиялықтар орталықтың халықтың мемлекеттік және құқықтық мекемелерге деген сенімін арттыру жолында атқарып отырған жұмысына оң бағасын берді.

Содан соң Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабында ауыл тұрғындарына көшпелі қабылдау ұйымдастырылды.

Азаматтарды «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Бақыт Темірова, Қазақстан Республикасының Банк омбудсмены Ерсерік Сийрбаев, Шымкент қалалық партия филиалы Төрағасының орынбасары Бауыржан Құанышбеков, Қаратау ауданы әкімі аппаратының басшысы Азамат Парманов қабылдады.

Тұрғындар қоғамдық көлік, көшелерге жөндеу жұмыстары, жерге құжаттарды рәсімдеу, ауыз су және басқа да мәселелер бойынша шағымдарын айтты.

Партия мүшелері тұрғындардың әр өтініші мен шағымдарын мұқият тыңдап, кейбір мәселелерді қабылдау барысында шешті, ал кейбір мәселелерді қоғамдық қабылдау басшысы жеке бақылауға алды.

Шымкент қаласы акимдігінің фронт-офис ғимаратында «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының механизмдерін түсіндіруге арналған жәрмеңке өтті. Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Бақыт Темірованың айтуы бойынша «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы тұрғындардың баспаналы болуына үлкен мүмкіндік.

* Партияның басым міндеті – азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру. Сондықтар біз «7-20-25» бағдарламасының іске асу жұмыстарын назарда ұстап, тұрақты түрде мониторинг жүргіземіз. Еліміз бойынша бүгінгі таңда бағдарлама бойынша 7000 астам өтініш түскен болса, оның 4000 астамы маұүлданған. Шымкентте «7-20-25» бағдарламасының іске асу қарқыны жаман емес деп ойлаймын, -деді ол.

* Алайда проблемалық мәселелер де баршылық. Мәселен, көптеген азаматтардың өтелмеген тұтынушылық несиелері бар немесе бұрынғы берешектерді уақытылы төлемегендіктен кредиттік тарихты бұзылған. Сондықтар екінші деңгейлі банктар оларға несие беруден бас тартады. Біз банк басшыларымен әр

өтінімді жеке қарап, қазіргі таңда азаматтардың әл-ауқатының өскенін ескеру туралы келісім жүргізудеміз, – деп атап өтті.

Жәрмеңке барысында екінші деңгейлі банктердің өкілдері тұрғын үй несиелерін алу мәселелері бойынша қажетті кеңес берді. Ал партиялықтар тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдады және қабылдау барысында қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Медиаон ақпарат