Басты бет > Хабар > Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау бойынша жолдаудың басты мақсаттарының біріне айналған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау бойынша жолдаудың басты мақсаттарының біріне айналған.

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен 2009 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Дипломмен – ауылға!» әлеу­меттік бағдарламасы ел болашағы – жастарымыздың өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасып, баспана алып, өмірден орындарын табуларына, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қам­сыздандыру, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы сала­ларының  жас мамандарымен қамтамасыз етуге қолайлы мүм­кіндік берді. Ал жас мамандар ауылдық жер­лерге жұмысқа барудан бас тартпайтындығын өмір тә­жі­рибесі көрсетіп отыр.  Бағ­дар­лама іске асырылған 9 жыл ішінде ауыл­дық елді мекендерге  54 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмысқа келіп,  12,5 миллиард тең­ге сомасында көтермеақы ал­ғандығы және олардың 23,5 мың­ға жуығына 57 миллиард теңге сомасында тұрғын үй алуға несие берілгендігі соның айғағы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке «Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын» әзірлеуді тапсырды. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керектігін ескертті.

Әрине, орта мектеп оқулықтарының сын көтермейтіндігін айта келе ол, «оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету – тиісті министрліктің тікелей міндеті екендігіне тоқталып», Президент білім беру қызметкерлеріне байланысты мәселеде алғаш рет мұғалімдермен қатар оқытушыларға да жағдай жасау керек екендігін тілге тиек етті.

Жолдау соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басқаннан кейін осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керектігін, еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс екендігін және мемлекеттік органдардан жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап ететіндігін жария етті.

Медиаон ақпарат