Басты бет > Хабар > Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы азаматтардың құқықтық  әл-ауқатының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы азаматтардың құқықтық  әл-ауқатының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Тіпті жолдаудың негізгі өзегін құрайтын қордаланған проблемалардың да бірқатарына тоқтап, қазіргі кездері Контитуцияда көрсетілген міндеттемелерге қайшы келіп, адамзат өркениетіне қауіп төндіріп отырған есірткі тасымалы, жыныстық зорлық – зомбылық пен педофилия және басқа да ауыр қылмыстарға байланысты заңдарды ауырлату мен халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға байланысты мәселелердің жолға қоюы Жолдауға дейін – ақ көптің көңілін өзіне аударған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Бірінші Жолдауында ұлттық байлықты әділ бөлу жүйесіне енгізілген және азаматтардың әл-ауқатының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік саясатты жаңғыртудан бастап, әлеуметтік мемлекетті бағдарлауға баса назар аудара отырып, адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды. Бұрынғы Жолдау­ларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш сал­ған болса, бұл Жолдауда Қазақстан аза­мат­­тарының тұрмыс-ахуалын арт­тыруды көздеген бірқатар әлеуметтік шара­лар жасау тұрғысындағы мақса­т­тар­ды белгілеп отыр. Осының өзі­мен Қазақстан Президентінің халыққа берген уәдісін үнемі орындап, ел мәселесімен етене таныс екендігін тағы бір айғақтап берді.  Елбасы салып берген саясаттың сабақтастығын сақтай отырып, жүйелі реформалар жүргізу бейбітсүйгіш қазақ елінің басшыларына тән қасиет. Жолдау әрбір қазақстандық үшін маңызды деп есептеймін. Еліміздің тұрақтылығы мен болашақтағы өркендеуге дем беретін факторлар – Қазақстан дамуының ең басты бағыты болып отыр. Бұл  ретте  сапаның артуы, оның ішінде,            өндіріс, білім сапасы мен денсаулық, тіл, құқықтық қамтамасыз ету  Президент Жолдауының басты  бағыты  болып  отыр. Соңғы жылдары біздің еліміз көп балалы отбасылар мен әлеуметтік мұқтаж жандарға аса мән беріліп, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар төленіп отыр. Білім мен денсаулық қазіргі таңда бұрынғыдай емес, қолжетімділікке ие. Қазақ тілінің болашақтағы өз тұғырына қонып, мәртебеие ие болуы керектігіне байланысты зиялыларымыз  ертеден бері жазып та айтып та келе жатқан мәселелердің қатарында болатын. Жолдауда бұл мәселе де айқын көрініс тапқан. Әрбір қазақстандықтың зейнетақы қорында жатқан қаражаттарын тиісінше пәтер алуға жұмсауына қолайлы жағдайлар жасау, баспана мәселесін шешуге де түрткі болатыны анық. Елімізде ұстаздар қауымының көптен күткен “Педагог мәртебесі туралы” Заңның күтіліп қабылдануы, төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есе көбейтуді тапсыруы әрбіріміз үшін зор қуаныш. Қазіргі таңда әлемде  қалыптасқан түрлі экономикалық  дағдарыстарға қарамастан, мемлекетіміздің  әлеуметтік салаға, халық­тың әлеуметтік жағдайына қатысты ұстанған саясаты, сол саясат негізінде жүр­гізіліп  жатқан  әлеуметтік бағыттағы реформалар дамыған елдердің қатарынан орын алуға негіз боларлық индекс.

Медиаон ақпарат