Басты бет > Қоғам > Президент жолдауы – құқықтық реформалардың сәтті жүргізілуіне кепілдік береді

Президент жолдауы – құқықтық реформалардың сәтті жүргізілуіне кепілдік береді

Тәуелсіздік алғаннан бері 28 жыл өтті. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде өзін бейбіт, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет ретінде қалыптастырып, БҰҰ-ның мүшесі ретінде қауіпсіздік Кеңесінде басқарды. Қазақстанда экономикалық, сот-құқықтық реформалар сәтті жүргізіліп, қазіргі таңда ТМД кеңістігінде мемлекетіміз экономикасы қарқынды дамып жатқан, халықтың бірлік-ынтымағы, достығы жарасқан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары аса жоғары деңгейде қорғалған.  Осы уақыт аралығында мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында көптеген өзгерістер орын алды. Аталған өзгерістерді толықтыру мақсатында мемлекеттік билік тарапынан мақсаты айқын, жүйелі жоспарланған қадам қажеттілігі туындады. Осы орайда, 2 қыркүйек 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент сессиясының ашылуында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Осы жолдауда ел Президенті «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2126 Заңына тоқталып, осы заңды жетілдіру жолдарына баса назар аударды. Атап айтсақ, осы заңнамада көзделген іс-шараларды өткізу арнайы белгіленген орындарда өткізілу қажеттілігі туралы нақты тоқталып кетті. Біздің көзқарасымыз бойынша аталған іс-шараларды өткізуге қолайлы (стадион), осындай арнайы орындар белгіленетін болса, онда осы іс-шараға қатысушылар мен бұл іс-шараға еш қатысы жоқ тұлғалардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі орын алады. Өйткені, біздің қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай арнайы орындар белгіленбеген, ал бұл өз кезігінде әр-түрлі келеңсіз жағдайлар туғызады. Атап айтсақ, біріншіңден, қоғамдық көліктердің жүру кестесінің бұзылуы, ал бұл осы іс-шараға еш қатысы жоқ тұлғалардың белгіленген жоспарларының зардап шегуіне алып келеді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіптің бұзылуы мен бұзақылық әрекеттерінің орын алуына себеп болады. Қорыта айтқанда, ҚР Президентінің осы жолдаудағы митингiлер, шерулер өткізудің тәртібі мен ережелері туралы айқынды ұсыныстары қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар жасау қажеттілігін туындатып отыр. Ал, ол өз кезегінде Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамасыз етудегі жаңаша көзқарас екендігі айдан анық.

Медиаон ақпарат