Басты бет > Қоғам > Президентіміз Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы, заң саласындағы бір-қатар күрделі мәселелерді шешуге әсер етеді

Президентіміз Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы, заң саласындағы бір-қатар күрделі мәселелерді шешуге әсер етеді

Биылғы 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын ел азаматтары асыға күтті, оның себептері де жоқ емес. Өйткені бұл Жолдаудың алдыңғы жылдардағы Жолдаулардан өзгеше болатындығы белгілі. Әр бір Қазақстан азаматы Мемлекет басшысының ұсынған бағдарламалары мен Жолдауларынан өзіне қажетті бағытты таңдап алады. Сол бағыт бойынша жұмысын жүргізеді. Қазіргі таңда 30 жылға жуық Тәуелсіздік уақытында қалыптасу кезеңінен өтіп, ендігі кезекте 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттерінің қатарына енуді жоспарлап отыр. Сәйкесінше еліміз уақыт талабына сайын көшке ілесіп жүру керек. Биылғы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жаңалықтарға толы болды деп айтуға болады. Жолдауда айтылған сан түрлі бағыттар еліміздің тек бір топ азаматтарына ғана емес бүкіл Қазақстан Республикасында өмір сүріп отырған ұлттар мен ұлыстарға, шет елдік азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты ойлану мен талдауды қажет ететін ауқымды бағыттар көрсетілген. Жоғарыда атап кеткендей, жаңа Президентіміздің Жолдауы мен әр бір сөйлеген сөздері тек елімізде ғана емес, әлемдік қоғамдастықта кеңінен талқылануда, өйткені қазіргі кезде саяси, әлеуметтік, экомикалық өзгерістер орын алып жатқан Қазақстанның әлемдік аренадағы орны мен рөлінің, абыройының жоғары екендігі белгілі.

Медиаон ақпарат