Басты бет > Хабар > Президентіміз Қ.Тоқаевтың жолдауы – Қазақстан халқын құқықтық-экономикалық елге айналдыруға бағытталған.

Президентіміз Қ.Тоқаевтың жолдауы – Қазақстан халқын құқықтық-экономикалық елге айналдыруға бағытталған.

Жолдауда жеріміз шетелдіктерге сатылмайтыны айтылған. Суармалы жер көлемін кезең-кезеңімен 2030 жылға қарай 3 млн гектарға дейін ұлғайту, жер ресурстарын тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алатын кез келді делінген.

Соңғы мәселе біздің аудан үшін өте өзекті. Ауданның жер қатынастары бөлімі, ауылдық округтердің әкімдері шаруаларға Жолдауда айтылған мәселелерді жетілдіруді, сөйтіп олардың жерді тиімді пайдалануына, мол өнім алып, өздерінің хал-ахуалдарын, тұрмыс жағдайларының жақсаруына ықпал жасалуы қажет.

Президент Үкіметке “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасын іске асыруға келесі 3 жылда осы жылы бөлінген 30 млрд. теңгеге қосымша 90 млрд. теңге бағыттауды тапсырды.

Біраздан бері айтылып жүрген 5 проценттік қосымша зейнетақы төлемін енгізу мәселесін 2023 жылға дейін шегерілді.

Президент жолдауда Ұлттық қордың қаржысы – келешек ұрпақтың қаржысы екендігін айтты және осы ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсауды қысқартуды қадап көрсетті.

Жолдаудың төртінші бөлімі “Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі” деп аталған. Мемлекет басшысы еліміздің бюджеті екі мақсатқа, атап айтқанда, экономиканы дамытуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалуы тиіс екендігін атап көрсетті.

Президент әлеуметтік салада білім беру сапасын жақсартуға отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, мәдениет қызметкерлерін қолдау, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту, зейнетақы жүйесін дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Жолдаудың соңғы бесінші бөлімі “Қуатты өңірлер – қуатты ел” деп аталған. Мұнда жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру, бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау, басқарылатын урбанизация және бірыңғай тұрғын үй саясаты, инфрақұрылымды дамыту мәселелері айтылған, міндеттер қойылған. Бұл салаларда да ауданда атқарылатын жұмыстар аз емес. Аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері Жолдаудан туындайтын міндеттерін айқындап, оларды орындау жолдарын қарастырулары, нақты іс-шаралар жоспарларын түзулері тиіс. Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған және одан туындайтын міндеттерді орындау жалғыз атқарушы биліктің ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың, меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жұртшылықтың, барлығымыздың ортақ ісіміз. Әрбіріміз өз орнымызда белсенді әрекет жасасақ, нақты іс атқарсақ, Жолдаудағы межелер еңсерілетіні сөзсіз. Мен барлығыңызды Жолдауды орындауға бағытталған белсенді әрекеттер жасауға шақырамын.

Медиаон ақпарат