Басты бет > Саясат > Пиярдың ауылы біздің 2020 жылы – мәдениет қаласы атанған Шым шаxарымызда болып тұр!

Пиярдың ауылы біздің 2020 жылы – мәдениет қаласы атанған Шым шаxарымызда болып тұр!

“Жүйрік атқа бір – қамшы ” дегендей әкім айтты, Ғабидулла мырзаның қол астындағы яғни әкімге тәуелді қауым , қоғамдық көлік автобусқа отыра үйлеріне қайтты .

Пияр дееп осыны айт ,сол кештің ішінде әкім қаралардың (кәсіби фотограф түсірмеген ) фотолары әлеуметтік желіні жаулап алды . Соған қарағанда , “жазғандарға ” , автобуска міне салып “модный тренд -селфиге ” түсіп ,бірін вацаппен өзіне ,екіншісін әлеуметтік желіге жолдауға “бұйрық ” кадрсыз (без обьектива ) анық айтылған -ау деймін …. Сонымен Шымкентімізде мәдени революция орын алып , барлығының қызмет көлігі автотұраққа қойылды . Таңдай қағып тақылдап ,таңғалғанымыз соншалықты ,ел назарын өзімізге аудардық . Күйіп тұрған бензин , қымбатшылық , кешегі ағайындардың сайлауы ,тіпті шуылдап жатқан Атамбаевтың ащы сөздерін де ұмытып кеткендейміз …. Ушығып тұрған мәселелерді мына жайт шекпен кидірген Ельцин -Тулеевскилік қызыл-қоңыр нөмір болды деп есептеп отырмын . Екі апта шамасында Шымкент “зың-зың” деп бір шулатқан ” дерзкий әкім ” енді тағы бір трюкпен ел есінде қалмақшы . Көзбояушылық орын алмаса дұрыс-ау, зың шешімге дым қарсылық білдірмеген қызметкелердің жиналыстағы отырыстарын көріп өзім әбіржіп қалдым . Онсыз да , жақында ғана Қытайдың өзінен әкелген, тек сол жақтың құрттай xалқына арналған “мини ” автобустарға сыймай жатқан қара xалықтың қатарына тағы біраз жолаушы қосылды .
Басқа өңірді қайдам , біздерде бөлім басшысының да қызмет көлігі бар . Қандай стратегиялық маңызды шаруалармен қаланың , екі шетіне қатынайтынын қайдам ,салық төлеуші сіз бен біздің ақшамызға алынған қап-қара көліктерден төбе көрсеткенін көрмейміз . Қоғамдық көліктер сын көтермейді , ол рас! Жарайды зерттеу, білу керек – ақ шығар, бірақ осы саланы басқаратын шенеуіктің суретін автобустарға іліп қоятыны қай сасқаны? Дәл сол суретпен мәселе шешілсе қанекей , уралауға дайынбыз ,мақтап-мақтап министр етіп шығарып саламыз ғой ағайын ! Тыйым салынған тапсырма қызмет көлігімен жүрмеу орындалар ау , бірақ қоғамдық көлік мәдениетін түзеу бір апталық , тіпті бір айлық жұмыс емес . Ол күн тәртібінен түсірмейтін , күрмеуге келмейтін мәселе .
Елбасымыз қаламызды миллиондық мегаполиске айналдыру тапсырмасына орай қала маңындағы елді мекендер Шым шаxарымыздың аумағына енді . Бірақ осыған байланысты туындаған кедергілер шешімін тапқан жоқ . Облысымыздағы шалғай аудандардың өзіне көгілдір отын мен ауыз су құбыры тартылып жатқан кезде қала іргесінде отырып мақұрым қалған елді мекендер бар . Мысалы Тұран мөлтек ауданы, жоғарыда айтылған ештеме тартылмаған . Ал ,Нұртас ,Таскен мөлтек аудандарында жол мәселесі шешімін таппаған . Биыл қаламызда ириигация жүйелері жаңартылып жатыр ,xош делік , тіпті қалыпты жағдайда жұмыс жасап жатқандары да жаңартылуда . Көрген көзде жазық жоқ ,қазынаның ақшасы бөлініп жатқан тұста ,бір барып көріп қайтсаңыз аттан түсіп қалмассыз . Не деген артық шығын ? Мұның бәрі ысырапшылдыққа алып келмей ме ?
Тақта отырғанына екі жылға жуықтаған әкім с із ,Шымкентті Лас-Вегасқа айналдырам деген сөзіңізді жыр қып айтамыз . Не еңсеріліп жатыр ? Тіпті европалықтарша шайтан арбаны тізгіндеген пенде көрмедім ! Бәрі дерлік “жаңа білім бағдарламасындай ” айтылым процесінде қалып жатыр …. Жылдап көрген , түріктердің “Сүлеймен Сұлтан ” филімінде ,әбден қартайса да ,қарапайым киініп алып ,жұртын аралайды. Бір аптаға демалысқа кеттім деп , сол автобуспен өзі жүріп , базарын аралап , қаланың жай күйін білсе ,сосын айды аспанға шығарсын . Ал мақтау мен мадақтың , деферамбасын сонда көрер еді, тіпті патша болуға ылайық деп ,ұлы тұлға етер едік . Бүкіл командасымен бір мезгіл мінген автобустан түк шешілмесі анық !
Тапсырманы мүлтіксіз орындау — парыз. Ал оны жариялап тарату уәжіп ау осы ! Кешеден бергі шуға “еріккен тірлік ” деп баға бердім . Менің бағама әкім мойнын бұрып та қарамасы анық , бәріненде астарындағы мақсат айқын болса деген ой ! Пиар сәтсіздеу шықты ! Әйтеуір аттан ауып қалмаса игі еді .

 

Малика Абдалиева

“Медиа ON”  ақпараттық агенттігінің директоры-бас редакторы

Фото ғаламтор желісінен алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.