Басты бет > Саясат > О дүниеден жазылған сенімхат

О дүниеден жазылған сенімхат

Бұл мақаланы кезектен тыс жариялауға мәжбүр болдық. Өйткені бұл жан түршігерлік оқиғаны халық міндетті түрде білуі керек, ал құқыққорғау органдары ұзын арқан кең тұсауға салмай шұғыл шара көріп, біреудің қасіретін бас пайдасына пайдаланатын құзғындар лайықты жазасын алуы керек деп санаймыз. Мақалаға оқиға кейіпкері марқұм Жібек қарындасымыздың қайтыс боларынан 1 апта бұрын түсірілген фотосын қоюға біздің жүрегіміз дауаламаған еді, алайда ата-анасының қалауы осы болды.

Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылында 1995 жылы дүниеге келген Жібек Сағынғалиқызы Бекболат 2012 жылы жалпы орта мектепті жақсы бітіріп, Алматы қаласындағы медициналық академияға түседі. Сол жылы Жібектің бұрын да ауырып жүретін тісі кенеттен жұлдырмаса болмайтындай қатты ауырады. Сөйтіп стоматолог-дәрігер әлгі тісін жұлып жатқан кезде рак клеткасы ашылып кетіп, Жібек “аты жаман дертке” шалдығып, оқуын әрі қарай жалғастыруға шамасы келмей, төсек тартып жатып қалады. Ата-анасы амалсыз Жібекті емдетуді Сарыағашқа әкеліп жалғастыруға мәжбүр болады. Сол жатқаннан Жібекке 17 рет ота жасалып, ол 21 рет химиятерапия қабылдайды. Ата-анасы Жібекті 2015 жылы Полатова Өміргүл Мұсақызы басқарып отырған «Жан жылуы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мүшесі етіп тіркетеді. Қанша емдекенімен беті бері қарамай, осы биыл, 2017 жылдың 28-ші қаңтарында Жібек бұл дүниеден озады.

Содан 7 айдан кейін, тамыз айының соңында, Жібекті жауапкер ретінде шақырған Жамбыл облыстық сотынан қағаз келеді. Онсыз да қызынан айырылып, қара жамылып отырған ата-анасы Сағынғали мен Пердайым түкке түсінбей, дал болады. Мейірбике болып істейтін Пердайымға қызметтестері Жібек тірі кезінде тіркелген «Жан жылуы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Өміргүл Мұсақызына баруына кеңес береді. Сонымен Пердайым жан ұшырып, әлгі шақыру қағазы мен тіркелген құжаттарды алып, Өміргүл Мұсақызына барады.

Өміргүл Мұсақызы құжаттарды қарап шығып, жағасын ұстайды! Сөйтсе Шымкент қаласындағы Наталья Дудникова деген нотариустың растаған келісім-шартына сай, осы биыл 24-ші қаңтар күні, 4 айдан бері төсекке таңылып, өлім мен өмірдің ортасында жан таласып жатқан Жібек, Айтахунов Руслан Адылович деген біреуден салыққа 40 миллион теңге қарызы бар «Казстройинвест Group – HC» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті, яғни фирманы сатып алыпты-мыс. Нотариус Наталья Дудникова фирманы сату-сатып алу келісім шартын растап беріп жатып, келісім-шарттың салдарын түсіндіріп, Жібекке аты жөнін жазғызып, қолын қойғызып, келісім-шарттың біреуін қолына ұстатып жіберген көрінеді. “Содан 4 күннен кейін, Жібек Сағынғалиқызы Бекболат, жалғыз құрылтайшы болғандықтан, өзін президент етіп тағайындап, «Казстройинвест Group – HC» ЖШС-ін Тараз қалалық әділет басқармасында тіркетуге Мусинов Жанат Максимович деген біреуге сенімхат беріп, фирмасы сол 30-шы қаңтар күні заңды тіркеліпті” дегенді естігенде Пердайым апай шыдай алмай, “Қызымның 28-ші қаңтар күні қайтыс болғанын білесіз, сонда Жібегім 30-шы қаңтар күні сенімхатты о дүниеден беріп жіберген бе? ” деп еңіреп қоя береді!

Бұл жантүршігерлік жәйтке бей-жай қарай алмаған «Жан жылуы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Өміргүл Полатова Жібектің атын ақтап алу үшін білек сыбана кіріседі. Алдымен Шымкенттік нотариус Наталья Дудниковадан бастайды. Шымкенттік нотариус Наталья Дудникова беті бүлк етпестен, “Жибек сама пришла, такая молодая, красивая” деп, Жібек марқұмды өз аяғымен келгендей етіп суреттеп, бет бақтырмапты. Сосын Өміргүл Мұсақызы Жібектіктің ата-анасынан сенімхат алып, Жамбыл облыстық сотына барады. Сөйтіп нотариус Наталья Дудникова келісім-шарт түзген 28-ші қаңтар күні Жібектің нотариусқа баруы мүмкін емес екенін айтады. Сөзін дәлелдеу үшін, Өміргүл Мұсақызы, Жібектің түрі адам көз тоқтатып қарау мүмкін еместей қорқынышты болып бұзылып, комада жатқанын дәлелдейтін сол 28-ші қаңтар күні түсірілген фотоны сотқа ұсынады. Сонымен қатар сотқа, «Казстройинвест Group – HC» ЖШС-ін әділет басқармасында тіркету үшін сенімхат беріпті деген 30-шы қаңтар күні, Жібектің қайтыс болып жерленгеніне 2 күн өткенін дәлелдейтін құжат пен фотоны ұсынады. Сол сотта, марқұм Жібек президент ретінде фирмасын әділет басқармасында тіркетуге о дүниеден сенімхат берген Мусинов Жанат Максимович дегеннің нәпақасын қоқыстан теріп жеп жүрген маскүнем, тұрақты мекен-жайы жоқ, “бомж” екені анықталады. Сот жинақталған іс-материалдарын зейін қойып қарап, суайт нотариус Наталья Дудникованың 28-ші қаңтар күні растаған сату-сатып алу келісім шартын бұзып, марқұм Жібекті барлық жауапкершіліктен құтқарып шешім шығарады.

Кәсіпкер Айтахунов Русланды фирмасын о дүниелік болып кеткен Жібек Сағынғалиқызына сатуға не мәжбүрледі? Оның салыққа 40 миллион теңге қарыз болғаны ма? Қарызы ағып жатқан сол кәсіпкерге “фирмаңды енді беті бері қарай қоймайтын Жібек Сағынғалиқызы Бекболаттың атына рәсемдет” деп, кім ұсыныс жасай алады? Қайдағы Тараздағы Руслан Айтахунов үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Жібекті қайдан біледі? Жібектің қатерлі іскпен ауырып хал үстінде жатқаны жайлы мәліметті Руслан Айтахуновқа маман-дәрігер болмаса кім бере алады? Нотариус Наталья Дудникова, егер маман-дәрігер мен қарыз-кәсіпкер көзін жеткізіп аузын майламаса, осындай жантүршігерлік қылмысқа бара алар ма еді?

P.S. Құқыққорғау органдары бұл фактты елеусіз қалдырмайды деген сеніммен Наталья Анатольевна Дудникованың Шымкент қаласы, Әл-Фараби көшесі, 9 үй, 23 пәтер мекен-жайында, ҚР ӘМ құқықтық көмек көрсету тіркеу қызметінің 26.03.2013 жылғы №13011933 санды лицензиясының негізінде, әлі күнге нотариус болып халыққа қызмет көрсетіп отырғанын айту біздің парызымыз.

С-ИНФОРМ

Бұл мақаланы кезектен тыс жариялауға мәжбүр болдық. Өйткені бұл жан түршігерлік оқиғаны халық міндетті түрде білуі керек, ал құқыққорғау органдары ұзын арқан кең тұсауға салмай шұғыл шара көріп, біреудің қасіретін бас пайдасына пайдаланатын құзғындар лайықты жазасын алуы керек деп санаймыз. Мақалаға оқиға кейіпкері марқұм Жібек қарындасымыздың қайтыс боларынан 1 апта бұрын түсірілген фотосын қоюға біздің жүрегіміз дауаламаған еді, алайда ата-анасының қалауы осы болды.

Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылында 1995 жылы дүниеге келген Жібек Сағынғалиқызы Бекболат 2012 жылы жалпы орта мектепті жақсы бітіріп, Алматы қаласындағы медициналық академияға түседі. Сол жылы Жібектің бұрын да ауырып жүретін тісі кенеттен жұлдырмаса болмайтындай қатты ауырады. Сөйтіп стоматолог-дәрігер әлгі тісін жұлып жатқан кезде рак клеткасы ашылып кетіп, Жібек “аты жаман дертке” шалдығып, оқуын әрі қарай жалғастыруға шамасы келмей, төсек тартып жатып қалады. Ата-анасы амалсыз Жібекті емдетуді Сарыағашқа әкеліп жалғастыруға мәжбүр болады. Сол жатқаннан Жібекке 17 рет ота жасалып, ол 21 рет химиятерапия қабылдайды. Ата-анасы Жібекті 2015 жылы Полатова Өміргүл Мұсақызы басқарып отырған «Жан жылуы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мүшесі етіп тіркетеді. Қанша емдекенімен беті бері қарамай, осы биыл, 2017 жылдың 28-ші қаңтарында Жібек бұл дүниеден озады.

Содан 7 айдан кейін, тамыз айының соңында, Жібекті жауапкер ретінде шақырған Жамбыл облыстық сотынан қағаз келеді. Онсыз да қызынан айырылып, қара жамылып отырған ата-анасы Сағынғали мен Пердайым түкке түсінбей, дал болады. Мейірбике болып істейтін Пердайымға қызметтестері Жібек тірі кезінде тіркелген «Жан жылуы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Өміргүл Мұсақызына баруына кеңес береді. Сонымен Пердайым жан ұшырып, әлгі шақыру қағазы мен тіркелген құжаттарды алып, Өміргүл Мұсақызына барады.

Өміргүл Мұсақызы құжаттарды қарап шығып, жағасын ұстайды! Сөйтсе Шымкент қаласындағы Наталья Дудникова деген нотариустың растаған келісім-шартына сай, осы биыл 24-ші қаңтар күні, 4 айдан бері төсекке таңылып, өлім мен өмірдің ортасында

жан таласып жатқан Жібек, Айтахунов Руслан Адылович деген біреуден салыққа 40 миллион теңге қарызы бар «Казстройинвест Group – HC» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті, яғни фирманы сатып алыпты-мыс. Нотариус Наталья Дудникова фирманы сату-сатып алу келісім шартын растап беріп жатып, келісім-шарттың салдарын түсіндіріп, Жібекке аты жөнін жазғызып, қолын қойғызып, келісім-шарттың біреуін қолына ұстатып жіберген көрінеді. “Содан 4 күннен кейін, Жібек Сағынғалиқызы Бекболат, жалғыз құрылтайшы болғандықтан, өзін президент етіп тағайындап, «Казстройинвест Group – HC» ЖШС-ін Тараз қалалық әділет басқармасында тіркетуге Мусинов Жанат Максимович деген біреуге сенімхат беріп, фирмасы сол 30-шы қаңтар күні заңды тіркеліпті” дегенді естігенде Пердайым апай шыдай алмай, “Қызымның 28-ші қаңтар күні қайтыс болғанын білесіз, сонда Жібегім 30-шы қаңтар күні сенімхатты о дүниеден беріп жіберген бе? ” деп еңіреп қоя береді!

Бұл жантүршігерлік жәйтке бей-жай қарай алмаған «Жан жылуы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Өміргүл Полатова Жібектің атын ақтап алу үшін білек сыбана кіріседі. Алдымен Шымкенттік нотариус Наталья Дудниковадан бастайды. Шымкенттік нотариус Наталья Дудникова беті бүлк етпестен, “Жибек сама пришла, такая молодая, красивая” деп, Жібек марқұмды өз аяғымен келгендей етіп суреттеп, бет бақтырмапты. Сосын Өміргүл Мұсақызы Жібектіктің ата-анасынан сенімхат алып, Жамбыл облыстық сотына барады. Сөйтіп нотариус Наталья Дудникова келісім-шарт түзген 28-ші қаңтар күні Жібектің нотариусқа баруы мүмкін емес екенін айтады. Сөзін дәлелдеу үшін, Өміргүл Мұсақызы, Жібектің түрі адам көз тоқтатып қарау мүмкін еместей қорқынышты болып бұзылып, комада жатқанын дәлелдейтін сол 28-ші қаңтар күні түсірілген фотоны сотқа ұсынады. Сонымен қатар сотқа, «Казстройинвест Group – HC» ЖШС-ін әділет басқармасында тіркету үшін сенімхат беріпті деген 30-шы қаңтар күні, Жібектің қайтыс болып жерленгеніне 2 күн өткенін дәлелдейтін құжат пен фотоны ұсынады. Сол сотта, марқұм Жібек президент ретінде фирмасын әділет басқармасында тіркетуге о дүниеден сенімхат берген Мусинов Жанат Максимович дегеннің нәпақасын қоқыстан теріп жеп жүрген маскүнем, тұрақты мекен-жайы жоқ, “бомж” екені анықталады. Сот жинақталған іс-материалдарын зейін қойып қарап, суайт нотариус Наталья Дудникованың 28-ші қаңтар күні растаған сату-сатып алу келісім шартын бұзып, марқұм Жібекті барлық жауапкершіліктен құтқарып шешім шығарады.

Кәсіпкер Айтахунов Русланды фирмасын о дүниелік болып кеткен Жібек Сағынғалиқызына сатуға не мәжбүрледі? Оның салыққа 40 миллион теңге қарыз болғаны ма? Қарызы ағып жатқан сол кәсіпкерге “фирмаңды енді беті бері қарай қоймайтын Жібек Сағынғалиқызы Бекболаттың атына рәсемдет” деп, кім ұсыныс жасай алады? Қайдағы Тараздағы Руслан Айтахунов үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Жібекті қайдан біледі? Жібектің қатерлі іскпен ауырып хал үстінде жатқаны жайлы мәліметті Руслан Айтахуновқа маман-дәрігер болмаса кім бере алады? Нотариус Наталья Дудникова, егер маман-дәрігер мен қарыз-кәсіпкер көзін жеткізіп аузын майламаса, осындай жантүршігерлік қылмысқа бара алар ма еді?

P.S. Құқыққорғау органдары бұл фактты елеусіз қалдырмайды деген сеніммен Наталья Анатольевна Дудникованың Шымкент қаласы, Әл-Фараби көшесі, 9 үй, 23 пәтер мекен-жайында, ҚР ӘМ құқықтық көмек көрсету тіркеу қызметінің 26.03.2013 жылғы №13011933 санды лицензиясының негізінде, әлі күнге нотариус болып халыққа қызмет көрсетіп отырғанын айту біздің парызымыз.

Материал толығымен “С-ИНФОРМ” газетінен алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.