Басты бет > Білім > Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының тренері Жорабекова Гульнур Абдукадырқызының жетекшілігімен «Жаңартылған оқу бағдарламасы» курсының тыңдаушылары «Рухы мықты елдің рухани жаңғыруы» атты тақырыпта іс-шара өткізілді. Іс шара мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау, патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Жолдаудың өркениетті көшінен қалмаудың жолын айқын дап талдап өтті тренеріміз. Аталған іс-шара «Салт санам – асыл қазынам», «Рухани қазыналар», «Біз оқитын 100 кітап», «Қазақ әліпбиінің латын қарпінде жазылу», «Білімнің салтанат құруы» айдарларымен өтті. Іс шараға қатысушылар жоғарыда айтылған бөлімдер бойынша көріністер, таныстырылымдар мен тренинг жатығулар жүргізді.

«Салт санам – асыл қазынам» бөлімінде ұлттық дәстүрлеріміздің топтамасымен таныстырып, «Тұсау кесу» рәсімін жұргізілсе, «Рухани қазыналарда» Оңтүстік өңірінің тарихи кесенелер мен ескерткіштерге, кітапханалар мен мәдени орталықтарға таныстырылым жасалды, ал «Біз оқитын 100 кітап» айдарында тыңдаушылар кітапханаға оқырмандарды тарту, кітапхана оқырмандарының санын арттыру, оқушыларды мәдениеттілік пен ізгілікке баулитын бірден бір құрал – кітап екендігін айқындайтын слайд шоу әзірледі, «Қазақ әліпбиінің латын қарпінде жазылу» бөлімінде латын әліпбиіне көшудегі басты мақсатты айқындап, кеңінен таратып, тыңдаушылар арасында тренинг-жаттығу жасап, латын әліпбиі таныстырылды, тыңдаушылар Латын әліпбиінің қолданылуға өте ыңғайлы, әлемдік жаңа техналогияларды меңгеруде жайлылық туғызатын құрал ретінде өте тиімді екендігін көз жеткізді, «Білімнің салтанат құруы» айдарында білімі жоғары адам ғана табысты өмір сүре алатындығын, күнделікті өзгеретін әлемде білім деңгейі жоғары адам ғана бейімделе алатындығын атап көрсетті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.