Басты бет > Хабар > Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ!

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ!

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұжымы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қаласы №3 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық акциясын өткізді.

Шара барысында облыс әкімі аппараты ұжымының жинаған қаражатынан алынған жаздық киім-кешек, ойыншықтар, кілем және шаңсорғыш салтанатты жағдайда балалар үйіне табыс етілді.

Өз кезегінде балалар үйі тәрбиеленушілері ән салып, би билеп өздерінің ризашылықтарын білдірді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.