Басты бет > Білім > Оңтүстік Қазақстан облысының мұғалімдері кәсіби бағдардың қыр-сырларымен тереңірек танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының мұғалімдері кәсіби бағдардың қыр-сырларымен тереңірек танысты

 

24 қараша күні Шымкент қаласында «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының аясында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бойынша мұғалімдерге арналған тренинг сабақтары жүргізілді.

«Өмірлік таңдау» – бұл қазақстандық оқушылар арасында жұмысшы мамандықтарды тереңірек таныстыруға бағытталған жоба. Оның басты мақсаты – орта мектептің оқушылары мен олардың ата аналарына мамандық таңдағанда дұрыс көзқарастың маңыздылығын түсіндіру.

Тренингтерді жүргізудегі басты мақсат – мұғалімдерді 8-10 сынып оқушылары мен ата-аналарына кәсіби бағытталған тренингтерді жүргізуді үйрету. Кейін курстардан өткен тренерлер оқушылармен жұмыс жасайтын болады. Барлығы 50-ге жуық мұғалімдерді қамту жоспарланған.

Жоба аясында жоғары сынып оқушылары аймақтың ірі өндірістік кәсіпорындарына барып, олардың жұмысымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болады.

Шараға облыстық білім басқармасының өкілдері мен мұғалімдер қатысады.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Менің елім» әлеуметтік ивестициялар бағдарламасының аясында «Пресс-Центр Азия» ҚҚ-мен жүзеге асырылды.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.