Басты бет > Жастар > Оңтүстік Қазақстан облысының жасотандықтары «Латынды қолдайық!» атты флэшмоб ұйымдастырды.

Оңтүстік Қазақстан облысының жасотандықтары «Латынды қолдайық!» атты флэшмоб ұйымдастырды.

Флэшмобқа 300-ге жуық жоғары оқу орындарының студент жастары қатысты. Оңтүстік жастары латынға көшу, рухани өсу қағидасын қолдайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының бетке ұстар жалынды жастары латынға өтуге байланысты өз пікірлерімен бөлісті.

Мұсабеков Абылай Нұржанұлы, «Жас Отан» жастар қанатының Орталық Кеңес мүшесі:

Латын қарпі – жастардың таңдауы, латын қарпі – прогресстің құралы. Біз Оңтүстік жастары латын қарпінің жаңа нұсқасын қолдаймыз!

Нақбаева Гүлісхан Сайфуллинқызы, халықаралық гроссмейстер: Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Біз Оңтүстік жастары латынды қолдаймыз!

Мұқағали Кенжетайұлы, ақын: Латынға көшу арқылы қазақ тілінің табиғи, таза қалпын сақтай аламыз.

Бізді қолдағандар: @idrone_kz

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.