Басты бет > Хабар > Оңтүстік Қазақстан бизнес үшін қолайлы аймақ

Оңтүстік Қазақстан бизнес үшін қолайлы аймақ

11
views

Бүгін ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді.  Сапары барысында Тимур Құлыбаев оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер мен жергілікті бизнестегі күрделі мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылған ОҚО Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

Кездесуге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Өңірлік палата басшылығы, мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтар, банктер және қаржы институттарының өкілдері, сонымен бірге тауарөндірушілер қатысты.

Жиында Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП-ның жұмысының негізгі нәтижелеріне тоқталып, қысқа уақыт ішінде «Атамекен» бизнестің пікірін білдіретін институтқа айналғанын атап өтті. «Қазақстан үшін мүлдем жаңа түсінік бизнес-омбудсмен институты енгізілді. Оның жоғары мәртебесі мен кең өкілеттіктері шенеуніктер мен жетілмеген заңдарға қарамастан, қазақстандық бизнестің жүйелік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді»,-деді «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы.

Мұнан бөлек, Тимур Құлыбаев жастарды кәсіпкерлікке мектеп жасынан бейімдеу қажет екенін айтып, бүгінде Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жоғарғы сынып оқушылары үшін арнайы пән енгізілетінін мәлім етті. Бұл демографиялық өсімі жоғары Оңтүстік үшін өте тиімді екенін жеткізді. 

Бизнес өкілдерімен болған басқосуда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев талқыланатын мәселелердің өзектілігіне тоқталып, күнгей өңір үшін кәсіпкерлердің экономикамызға қосар үлесі зор екенін айтты.

«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аймақтық кәсіпкерлікті дамыту мәселесін әрдайым басты назарда ұстайды. Әкімшілік кедергілерді жою, бизнесті жүргізу бойынша процедураларды жеңілдету – Елбасымыздың әлеуметтік-экономикалық бастамаларын қолдаудың негізгі қағидаларына жатады. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында қолайлы бизнес климат қалыптастыруға және шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдайлар жасалынған. 2017 ж. өнеркәсіп өнімінің көлемі 858,4 млрд. теңгеге жетіп, өсім 102,1 пайызды құрады.  Ал өндеу өнеркәсібінің жылдық өсімі – 105 пайызға жетті. Бұл көрсеткіштерге облысымыз Елбасымыздың тікелей тапсырмасы бойынша жаңа өндірістердің ашылуы мен жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарды жаңғырту арқасында қол жеткізілді. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына 129,4 млрд. теңге инвестиция салынған, бұл 2016 жылмен  салыстырғанда 2,4 есеге өсіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша республикада 1 орындамыз»,-деді Ж.Түймебаев.

Бұдан басқа, облыстық палата директоры Асқар Әбубәкіров Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының қызметі туралы және  өңірдегі шағын және орта бизнес пен инфрақұрылымды дамыту жайын баяндады. Сонымен қатар ол облыста 179,5 мың ШОБ шоғырланғанын, бұл еліміз бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны жағынан алдыңғы орында екенін жеткізді.

Жалпы облыста қолайлы бизнес климат қалыптастыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдайлар жасалуда. Атап айтқанда 2017 ж. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 499 жобаға қолдау көрсетілс, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты аясында 911 кәсіпкерге 4,1 млрд.тг көлемінде шағын несие берілді. Ал «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1 500 адам оқудан өткен, оның ішінде 300 адам өз кәсібін бастады. Өңірлік қаржы институттары болып табылатын Аймақтық инвестициялық орталық «Оңтүстік» және «ЫРЫС» МҚҰ арқылы 2017 жылы 8,3 млрд. теңгеге 2 342 жобаға қаржылай қолдау көрсетіп, нәтижесінде 4 618 жаңа жұмыс орындары құрылды.

 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *