Басты бет > Саясат > Оңтүстік Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ

Оңтүстік Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ

17
views

Оңтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.

Бұдан бөлек, спикер Түркістан қаласындағы тұрмыстық-шаруашылық жағдайға көмір жетіспейтіндігі туралы «Youtube» желісінде шыққан бейнежазба 2017 жылы болған оқиға екенін, бүгінде Түркістан қаласы бойынша көмір тапшылығының жоқтығын айтты.

«Түркістан қаласының жылу маусымына тұрмыстық-шаруашылыққа қажетті көмір отынының керекті көлемі 90 мың тоннаны құраса, оның бүгінге қамтамасыз етілгені 85 мың тонна. Бүгінгі таңға, Түркістан қаласындағы көмір базаларындағы отынның қоры 1,4 мың тоннаны құрайды. Қосымша қалаға күнделікті көмір тасымалдануда. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнымен бірлесіп көмір тасымалдау барысына күнделікті мониторинг жүргізілуде», — деді М.Марайым.

Брифинг барысында басқарма басшысы өңір тұрғындары жылына тұрмыстық-шаруашылық көмірге қажеттілігі 1 млн. тонна екенін айтты. Оның 750 мың тоннасын тұрғындар  пайдаланса, 250 мың тоннасы жылы жайларға жұмсалады. Бүгінге облысқа 870 мың тонна көмір жеткізілген болса, оның 19 мың тоннасы көмір базаларында. Жалпы, облысқа күніне орташа 2,5 мың тонна шамасында көмір келеді.

Оңтүстік өңіріне тұрмыстық-шаруашылық көмір, негізінен Қарағанды облысының «Шұбаркөл» және Павлодар облысының «Майкөбе» кендерінен тасымалданады.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *