Басты бет > Мәдениет > Оңтүстік Цирктің „Х-БЭНД„ эстрадалық джаз оркестрі есеп беру кешін өткізді

Оңтүстік Цирктің „Х-БЭНД„ эстрадалық джаз оркестрі есеп беру кешін өткізді

11
views

Мерекелік кеш мектеп бітіруші түлектерге арналған. Шығарашылық ұжым ашық аспан астында табиғаты әсем саябақтың бірінде халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әсем әндерін түрлі аспаптардың сүйемелдеуімен жанды дауыста орындады.
Эстрадалық оркестрдің бұл екінші есеп беру концерті. Жыл сайын көрермендерін таңдандырып, әуезді әнмен аспаптарды үйлестіре білетін топ бұл жолы да тыңдармандарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Оркестр құрамында кәсіби деңгейі, музыкалық білімі жоғары маман иелері өнер көрсетеді.Мерекелік кеште эстрадалық оркестрдің сүйемелдеуімен отандық және шет елдің танымал заманауи шығармалары жанды дауыста орындалды.

Сондай-ақ, оркестр солисттері Берік Сексенбекұлы мен Гауһар Ақмолдаева тамаша әндерін шырқады. Концерттік бағдарлама әрмен қарай цирк әртістерінің қызықты қойылымына ұласты. Цирк оркестрі 2014 жылы құрылған. Құрамында 22 өнерпаз бар. Эстрадалық оркестрдің бас дирижеры әрі топтың жетекшісі Серік Өтегенов. Шығармашылық топ түрлі байқауларда жеңіс тұғырынан көрінген. Кәсіби музыка мамандарынан құрылған оркестр ұжымының концерті көрермен жүрегінен ерекше орын алды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *