Басты бет > Жастар > Оңтүстік жастарына ерекше видео-эстафета жолданды!

Оңтүстік жастарына ерекше видео-эстафета жолданды!

Ең бірінші болып Оңтүстік Қазақстан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” – ның басшысы Береке Дүйсебеков өңір жастарына елбасымыздың “Рухани жаңғыру” мақаласы аясында «Атадан қалған асыл сөз» видео-эстафетасын үндеу етіп, әлеуметтік желілер арқылы барша өңір жастарын аталмыш видео-эстафетаға қатысуға шақырды. Мақсаты; бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді өскелең ұрпаққа ұғындыру, аталы сөздерден үлгі, өнеге алуға, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп өсуге тәрбиелеу, жастардың рухани байлығын, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәнерін, сөздік қорын дамыту, ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыруға негізделген. Құптарлық жайыт, ендігі сәтте бұл видео-эстафетаны жалғастырушылар «Рухани-жаңғыруды өзіңнен баста» акциясы аясында «Атадан қалған асыл сөз» видео эстафетасын кімнен қабылдап алғанын жеткізіп, эстафетаны орындаушы өз-өзін таныстырып, өмірлік ұстанымына айналған нақыл сөзді – ұзақтығы 30-60 сек аралығында айту қажет.

Бұл эстафетада өңіріміздің спорт, білім, өнер, кәсіпкерлік, БАҚ, құқық қорғау , денсаулық сақтау салаларының белсенді үздіктері мен жастар ұйымдары, еріктілері қамтылады деп жоспарлануда, яғни кез-келген ОҚО – ның жастары әлеуметтік парақшалар арқылы міндетті түрде #ruhanizhangyru_atadankalganasylsoz_arysjastary деген сияқты хэштегтерімен салуы тиіс. Жалпы облыс бойынша рейтинг жүргізіліп, үздіктерін анықтау мақсатында әр аудан, қала, жоғары және орта арнаулы оқу орындары өзінің атауымен хештегті жалғастырады. Сонымен қатар, #videoestafeta_ontustik_zhastary, #видеоэстафета_оңтүстік_жастары хэштегтерін тегтеу/белгілеу арқылы әлеуметтік желілерге (facebook, instagram, VK, telegram) видео-эстафета жүктеліп, жолдануы тиіс. Видео-эстафетаны орындаушы осыған дейінгі айтылған нақыл-сөздер, немесе мақал-мәтелдерді қайталамауы шарт. Әрбір аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталықтары» айына кемінде 100 үздік жастың видео-эстафетасын салуды ұйымдастыруы тиіс. Бақылау мақсатында ай сайын тұрақты түрде хештег арқылы рейтинг жүргізіліп отыратын болады деп хабарлайды, аталмыш ОҚО “Жастар ресурстық орталығының” баспасөз қызметі.  Бұл үндеу өңіріміздің белсенді жастарының,  еліміздің  ұлттық құндылықтарын сақтауға көмектеседі деген ойдамыз.

 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.