Басты бет > Білім > ОҢТҮСТІКТЕ БАЛАЛАР КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ОҢТҮСТІКТЕ БАЛАЛАР КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

33
views

2018 жылғы 26 ақпанда Шымкент қаласындағы №72 мектептің базасында «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты облыстық кинофестивалі өтті.

Кинофестиваль барысында аудан, қаладан келген оқушылардың керемет туындылары ұсынылды. Бұл туындылардан балалар өздерінің қиялындағы керемет ойларды шығармашылықпен көрсете білді. Сондай-ақ, балалардың әсіресе назар аударған тұстары бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас, аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан балалардың тұрмыстық тауқыметі, өлкетану бағытындағы туған жерге үлес қосуға ұмтылу талпыныстары және сананы жаңғыртуда ұлттық кодты басымдықта ұстанатыны айрықша көркемделіп көрсетілген. Кинофестиваль барысында балалардың шығармашылық ой-қабілеттерінің шексіздігі мен дарындылығы, кино мәдениетіне деген қызығушылықтары артты.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі Б.Әшірбеков өз сөзінде: «Кино – кез келген мемлекеттің мәдениет айнасы іспетті. Ол сол халықтың тұрмыс-салты мен дәстүрін дәріптейтін құрал болып саналады. Сондықтан да бүгінде бүкіл әлем кино мен телехикая саласына салғыртпен қарамай, үлкен ден қойып жүр. Себебі, кино жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын үлкен құралдардың бірі болып саналады. Елбасы өз жолдауында бүгінде біздің жастар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық деген болатын.Сондықтан Қазақстан балалары шексіз әлемде, мүмкіндіктер әлемінде биік асуларды бағындыруы тиіс», деп балаларға сәттілік тіледі.

Іс-шара 7 жанр (деректі фильм, әлеуметтік жарнама, ойынды кино, видео-арт, анимация, музыкалық фильм, stop-motion) бойынша өтті.

Фестиваль дәстүрлі немесе сандық технологиялардың (видео, фотокамера және ұялы телефон) көмегімен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер қатысу жоспарланған. Бұл мәселе өз кезегінде талапқа сай жүзеге асты. Балалардың шығармашылық жұмыстарын «САҚ», «Мейрам» балалар киностудиясынан, ұйымдастыру орталықтарынан т.б. мекемелерден арнайы шақырылған әділ қазылар алқасы бағалады.

Нәтижесінде Түлкібас, Ордабасы аудандары мен Кентау, Арыс қалаларынан келген дарынды балалардың туындылары республикаға жолданды.

Облыс бойынша 105 үздік бейнеролик ON’TU’STIK телеарнасында 1 ай бойында 3 реттік жиілікпен көрсетіледі.

Жүлдегерлер туралы арнайы репортаж түсіріліп, телеарналарда көрсетіледі. Іс-шара балаларға да, жетекшілерге де тың серпілістер мен жаңа идеяларға бастама болды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *