Басты бет > Мәдениет > ОҚО ӘРТІСТЕРІ ФИНЛЯНДИЯДА ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ.

ОҚО ӘРТІСТЕРІ ФИНЛЯНДИЯДА ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ.

“2018 жылғы 17-24 наурыз күндері Финляндия Республикасының Хельсинки қаласында өтетін «Жұмбақ Жібек жолы» Халықаралық ашық ортаазиялық фестиваліне Қазақстанның атынан қатысу үшін Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов,

облыстық опера және балет театрының солистері  Ерлан Жандарбай, Үрәлхан Сейлбекова,  Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония артисі Ұлбала Ермұхаметова, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мұратбай Нұрмағанбетовтер аттанған болатын.
Фин елінің астанасы әрі ең ірі қаласы — Хельсинки қаласына еліміздің өнер сәлемін арқалай барған делегаттарды Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі қабылдап, құрмет көрсетті.
Шетелдегі қандастарымызға ұлттық өнерді паш етіп, әз Наурыз мерекесін бірге тойлауға арналған концерттік бағдарламалар жөнінде алдағы уақытта хабардар ететін боламыз”-деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі.
Финляндия- 1917 жылдан бастап тәуелсіз ел болып саналады.Шығысында Ресеймен, солтүстік-батыста — Швециямен және солтүстікте — Норвегиямен шектеседі. Елдің оңтүстік пен батыс жағалаулары Балтық теңізі мен Фин және Ботния шығанақтары шайып жатыр. Эстониямен теңіз арқылы жалғасады.
Аталған мемлекет-2010 жылы «Әлемнің үздік елдері» атанса, ал 2011-2014 жылдар аралығында америкалық «Fund for Peace» қоры елді «Әлемдегі ең тұрақты мемлекет» ретінде бағалаған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.