Басты бет > Хабар > ОҚО ӘРТІСТЕРІ БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНАДА ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ

ОҚО ӘРТІСТЕРІ БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНАДА ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ

Ұлыстың ұлы күні Түркия Республикасының Кастамону қаласына “Кастамону-Түркі әлемінің мәдени астанасы” жылы және Наурызнама мерекесіне Қазақстан атынан облысымыздың бір топ өнер майталмандары аттанғаны белгілі.
Түркітілдес елдер басқосқан айтулы шара Босния және Герцеговина федерациясының  Зеница, Сараево жане Мостар калаларында, Черногорияның Чентинджэ қаласында жалғасын тапты. Аталған елдердегі Халықаралық Наурыз мерекесіне арналған концерттерінде ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымына мүше елдердің 70-тен аса өнерпаздары арасында 2017 жылы Түркияның Бурса қаласында өткен 31-ші Халықаралық «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауының бас жүлде иегері «Қазына» би ансамблі, облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты «Семсер» тобы өнер көрсетіп тілі мен діңі тамырлас елдердің ортақ пейілі мен ынтымағын, мызғымас достығын дәріптеуде.

Сонымен қатар, қазақстандық делегаттар ішінде Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Шарафиева Ғалия Аликенқызы, “Қазына” би ансамблінің жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Зәуре Әжібековалар да бар.
Қазақ әнін әуелетіп, сан сырлы биімен ұлы өнерді ұлықтаған өнер сапары Албания мемлекетінде де жалғасын табады.

М.Сабыр

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.