Басты бет > Саясат > ОҚО әкімі өз сөзінде тұрып, халқын мәселелерімен қабылдады!!!

ОҚО әкімі өз сөзінде тұрып, халқын мәселелерімен қабылдады!!!

42
views

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, өңір басшысы есеп беру жиынында бірқатар азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдау мақсатында жеке қабылдау өткізетінін айтқан болатын. Осыған байланысты облыс әкіміне мәселелерін жеткізуге келген 34 азамат өздерін мазалаған сауалдарын ортаға салды. Қабылдауға облыстық сот, прокуратура, облыстық және қалалық жергілікті полиция қызметінің, Ішкі істер және әділет департаментінің басшылары қатысты.

Қабылдауға бірінші кірген шымкенттік азаматша Н.Смирнова көршісінің жалпыға ортақ жер телімін заңсыз иемденіп алғанын айтуда. Нәтижесінде қос тарап арасындағы дау туындап, бір бітімге келе алмай соттасып жүргендеріне 4 жылға жуықтапты. Мәселенің мән-жайымен танысқан өңір басшысы ұзаққа созылған даудың заң аясында шешілуіне ықпал ету үшін тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

«Көршілер арасындағы даудың басталғанына біраз уақыт өтіпті. Бірнеше рет сотқа да жүгініпсіздер. Демек, бұл мәселені шешу үшін тереңірек зерделеу керек. Сондықтан да мен құқық қорғау және әкімдік қызметкерлерін арнайы шақыртып отырмын. Енді сіз айтып отырған мәселені мамандар заң аясында шешуді мұқият қарайды. Бұл мәселе жеке қадағалауымда болады», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ал, өз кезегінде Н.Смирнова облыс әкіміне алғысын білдірді.

«Бүгін бізді жеке қабылдап, мәселенің оңтайлы шешуге тапсырма бергеніңіз үшін сізге алғысым шексіз», — деді қала тұрғыны.

Ал, Ақтас елдімекенінің тұрғыны Қ.Жайнова ауылында ауыз су, жарық, газдың жоқтығын айтып, шағымданды. Оның айтуынша, елді мекендегі электр энергиясының сапасыздығынан үйдегі тұрмыстық техникалар күйіп кетуде екен. Сондай-ақ, ол ауыл мектебі мен медициналық бекетінде интернетпен қамтылмағанын жеткізді.

Шымкенттік Д.Кемелбекова болса, Достық мөлтекауданынан 2016 жылы заңды түрде жер алғанын айтады. Оның сөзінше, уақыт өте келе сол жер теліміне заңсыз қаулы шығып, мүлігінен айрылып қалыпты.

«Қайнарбұлақ» саяжайының тұрғын баласының өліміне қылмыстық әрекеттің сеп болғанын айтып, жергілікті тәртіп сақшыларының өз жұмысына салғырттығын сынға алды.

Өңір басшысының қабылдауында болған өзге азаматтар жер дауы, мал ұрлығы, қоғамдық көлік қатынасы жоқтығын айтып шағымданды. Ал бір тобы ауыл шаруашылығы саласында құрылған кооператив туралы арызданды. Олар кооператив төрағасын заңсыз әрекеттерде барды деп айтыптап отыр.

Мәселенің мән-жайына қаныққан облыс әкімі қабылдауда болған азаматтардың көтерген өтініш-тілегіне барынша назар аударып, оңтайлы шешуді жүктеді.

 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *