Басты бет > Хабар > ОҚО ӘКІМІ ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚО ӘКІМІ ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметік – құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары генерал-майор М.Сатовты, Ұлттық ұлан жауынгерлері «Айбын» орденінің иегері аға лейтенант Е.Отарбаевты, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің иегері С.Сүндетовты ата-аналарымен қабылдады.

Кездесуде барысында генерал – майор М.Сатов өңір басшысына Ұлттық ұланның Шымкент қаласында орналасқан әскери бөлімдерінің атқаратын жауынгерлік қызметі мен әлеуметтік жағдайы туралы баяндады. Сондай-ақ, Ұлттық ұлан жауынгерлерінің ерлігі мен қайсарлығы туралы түсірілген «Алтыншы бекет» көркем фильмі жайлы әңгімеледі.

Өз кезегінде аймақ басшысы көзсіз батырлығымен көзге түсіп, жоғары дәрежедегі марапатқа иелік еткен азаматтарымыздың ерлігін көпке үлгі етіп, насихаттау керектігін айтты.

«Мұндай батырларымыздың көп болуы еліміз үшін абырой. Сондықтан қасық қаны қалғанша, отанын қорғауға дайын азаматтарды әрбір елдімекендерде іс-шара ұйымдастырып, елі үшін жасаған жанқиярлық әрекетін халыққа көрсете түсу керек», – Жансейіт Қансейітұлы.

Жауынгер Е.Отарбаев 2010 жылы 22 маусымда Ақтау қаласындағы түзеу мекемесін күзету кезінде қатаң тәртіптегі колониядан қашпақ болған 21 жазасын өтеушінің жалғыз өзі тосқауыл қойған. Осы ерлігі үшін ол ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

«Жансейіт Қансейітұлы, қызметтік міндетімді орындау барысында жасаған әрекетімді ескеріп, құрмет көрсетіп отырғаныңызға алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, сол бір оқиға кезінде менің орнымда басқа жауынгер болғанда, ол да тура сондай әрекеттер жасайтын еді деп ойлаймын. Себебі, Отанын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы», – деді Ербол Отарбаев.

Бүгінде батыр жауынгердің құметіне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен толық метражды фильм түсірілді. Қазіргі таңда талған туынды еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде.

Кездесу соңында облыс әкімі ерліктері өскелең ұрпаққа үлгі болған, аталмыш фильмнің басты кейіпкері аға Е.Отарбаев пен қатардағы С.Сүдетовке және олардың ата-аналарына құрмет көрсетіп, алғыс хаттар табыстады.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.