Басты бет > Саясат > ОҚО әкімі штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты

ОҚО әкімі штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ОҚО Ішкі істер департаментінің базасында болып, ондағы өтіп жатқан республикалық штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты.

Облыс әкіміне Ішкі істер органының дайындығы мен қабілеттілік деңгейі және материалдық-техникалық базасы көрсетілді.

Құқық қорғау саласының қызметкерлерімен тілдескен аймақ басшысы ішкі істер органының жұмысы заманауи техникамен қамтамасыз етілгенінде емес, мамандардың кәсібилігімен анықталатынын атап өтті.

Айта кетейік, оқу-жаттығу шеңберінде дағдарыс жағдайы туындаған орындарға қысқы мезгілде операцияларды өткізу кезіндегі әрекеттерге құқыққорғау органдары күштерін жөнелту мәселелері пысықталады.

Мәселен, оқу-жаттығу барысында күш пен құралдарды басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдарды жедел хабардар ету, ведомстволық байланыс құралдарының және өзара байланысының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, әртүрлі қойылған тапсырмаларды орындаудағы  мемлекеттік органдардың өзара байланысы тексеріледі.

Сондай-ақ, оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі төтенше жағдай кезіндегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жедел өзара іс-әрекеті пысықталады.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.