Басты бет > Білім > ОҚО әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

ОҚО әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға түрлі түйіткілдерімен 10 азамат келді. Өңір басшысына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алған азаматтардың басым бөлігі баспана мен жер телімдеріне қатысты мәселелерін ортаға салды.

Достық мөлтекауданының тұрғыны С.Асан мемлекеттен алған тұрғын үйін жекешелендіре алмай келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, Тұрғын үй бөлімінің басшысы М.Абдинұров тиісті құжаттарды рәсімдеуге кедергі келтіруде екен. Ал, Шаңырақ шағын ауданының тұрғыны О.Кенжаев оралмандарға жер беру, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылыққа берілген жерлердің нысаналы мақсатын тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін деп өзгерту мәселесін сұрай келген. Көкбұлақ тұрғын алабының тұрғыны Б.Машабаева болса, баспанамнан айрылып, далада қаламын ба деп қорқады. Оның үйі «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырының маңына тым жақын салынғандықтан жер телімі мемлекетке қайтарылуда екен. Осыған байланысты компенсация мәселесін оңтайлы шешіп беруін сұрайды.

Тұрғындарды тыңдаған өңір басшысы, тіркелген мәселелерді қысқа мерзімде шешуді сала мамандарына тапсырып, істің соңына дейін жетуін өзі қадағалауға алатынын айтты.

«Тұрғындарды алаңдататын мәселенің көпшілігі жер, баспана, инфрақұрлым мәселелеріне қатысты екенін жақсы білемін. Сондықтан да осы салалар ерекше қадағалап, қиындықтарды шешуге барынша жұмыс жасап жатырмыз. Сіздердің сауалдарыңызды тиісті аудан әкімдерімен, сала басшыларына тапсырдым. Бұл жұмыстарды толықтай оң шешілуін жеке өзім қадағалауға алатын боламын», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шара барысында өңіріміздің мәдениет саласына да қатысты бірнеше мәселе көтерілді. Облыс әкімі басқарма басшысына заң аясында тиісті шара қолданып, азаматтардың сауалын оңтайлы жауап беруін тапсырды.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.