Басты бет > Қоғам > ОҚО ІІД қызметкерлері жұмысқа тұрарда қандай критерийлермен қабылданады?

ОҚО ІІД қызметкерлері жұмысқа тұрарда қандай критерийлермен қабылданады?

Порталымызда осыдан біраз бұрын «Ет бұзылса, тұз себеміз, Тұз бұзылса…» деген тақырыппен сериялы бірнеше мақала жариялаған болатынбыз. Ол мақалаларда өңіріміздегі (Оңтүстік Қазақстан облысындағы) ішкі істер саласында болып жатқан былықтардың бірнешеуін жіпке тізіп, көзге шұқып көрсеткен едік.  Бұл былықтардың белең алуына және азаймақ тұрмақ, өршіп бара жатқанына зейнет жасынан асса да полиция полковнигі, ОҚО ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы басшысы лауазымын атқарып отырған Ш.Оңғаровтың кәсібилігіне күмән келтіріп, таяқтың бір ұшы осында жатқан жоқ па екен дегендей пікір келтіргенбіз. Қазір бізге белгілі болғандай Ш.Оңғаров қызметтік лауазымын тапсырып, зейнетке шығыпты. Алайда, Ш.Оңғаровтың кетуімен ІІД саласындағы былық тоқтамаған секілді. Сөзімізге күні кеше ғана Абай аудандық ІІБ тергеушісінің пара алды деген күдікпен ұсталғаны дәлел.

Заңның сақталуына, орындалуына бірден бір жауапты органдардың бірі құқық қорғау органы десек, қызметкерлері пара алып, заңды белшесінен басып, білгенін істеп жүргенін көріп, не ойларыңды да білмей қалады екенсің. Ұзынқұлақтан естуімізше Ішкі істер саласына қызметке тұру үшін де пара бермесең, тұра алмайды екенсің. Біраз  дүниесін шығындап қызметке кірген қызметкер пара алмағанда не істесін? ОҚО ІІД Кадр ісі басқармасының басшысы лауазымында Халықов Бағлан Әнуарбекұлының тапжылмай бес жылдан бері отырғанында бір гәп бар шығар-ау.

 

«Медиа ON» ақпараттық порталы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.