Басты бет > Саясат > ОҚО: Төле би ауданында 250 мың тонна сүт өнімін өндіретін жоба іске қосылады

ОҚО: Төле би ауданында 250 мың тонна сүт өнімін өндіретін жоба іске қосылады

46
views

Төле би ауданында ағымдағы жылы “Болашақ нұры” ЖШС сүт өнімдерін өңдеу цехы іске қосылады. Тартылатын инвестиция көлемі 52 млн. теңгені құрайтын цех жылына 250 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін болады. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төле би ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлім етті.

Сондай-ақ, биыл ауданда жалпы құны 3 776 млн. теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асады. Олардың қатарында “Ақсу қуат” ЖШС баламалы электроқуатын өндіру станциясы бар. Жеке қаржы есебінен тартылатын инвестиция көлемі 1 500 млн. теңге.

«Ағымдағы жылы іске қосылатын жобалардың қатарында ЖК «Әли» мал бордақылау алаңын айтуға болады. Тартылатын инвестиция көлемі 130 млн. теңге. Цех жылына 5 мың тонна ет өнімдерін өндіреді деп күтілуде. Сонымен қатар, “Балмұздақ” ЖШС шоколадты глазурь және шоколад өндейтін цехы іске қосылып, жылына 1100 тонна шоколад өнімдері өндірілмек», — деді Бұхарбай Рысқұлұлы.

Аудан басшысының айтуынша, құс шаруашылығын дамытуда ауданда «Ленгер құс» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативін құрылған. Бүгінгі таңға кооперативтің 2 мүшесі “Қайнар құс” ЖШС мен 10 мың құс әкелуге келісім шартқа тұрған. Сондай-ақ, «Шымкент құс» ЖШС құс етін өндіру және өндеу комплексі іске қосылады. Ондағы тартылатын инвестиция көлемі 894 млн. теңге. Комплекс жылына 2000 тонна тауық еті өндіреді деп жоспарлануда.

2018 жылы ауданда “Газпромнефть-Битум Казахстан” ЖШС битум зауыты модернизациялаудан өтеді. Тартылатын инвестиция көлемі 400 млн. теңге. Модернизациялау арқылы зауыттың жылдық өнім көлемі 300 мың тоннаға дейін артатын болады.

«Аудандағы жалпы ауыл шаруашылық саласының өнім көлемі өткен жылы 32 млрд. 256 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,9 пайызды құрады. Ауыл шаруашылық кооперативтері бойынша 20 кооператив құрылды. 2020 жылға қарай қарқынды алма бауының көлемін 124 гектарға дейін ұлғайту межеленіп отыр. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін ағын сумен толық қамту үшін «Қарақуыс» және «Ақбастау» су тоғандарын іске қосу көзделуде», — деді Бұхарбай Парманов.

Айта кетерлігі, аймақтағы жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылы 88 млрд 467,4 мың теңгені құраса, өнеркәсіп саласында 25 млрд. 219 млн.  теңгенің өнімі өндірілген.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *