Басты бет > Білім > ОҚО САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ƏКІМІ ҚАЙРАТ АБДУАЛИЕВТІҢ НАЗАРЫНА

ОҚО САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ƏКІМІ ҚАЙРАТ АБДУАЛИЕВТІҢ НАЗАРЫНА

281
views

Құрметті Қайрат Амангелдіұлы!
2018 жылы қаңтар айының ішінде Сарыағаш ауданының құрметті азаматы, сол елге еңбегі сіңген қайраткер Бейсенəлі Қырғызалиев атамыз Сіздің атыңызға арыз түсірген. Арызында ол аудандық мəслихаттың депутаты Сапарəлі Селтановпен білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов, оның орынбасары Нұрман Усіпбеков, білім бөлімінің бас бухгалтері Жасұлан Тұрымбетовтердің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерге баруларына байланысты оларға шара көруіңізді ұсынған.

Бұл мәселелер туралы ол атамыз БАҚ арқылы да көтерген. Бүкіл елдің алдында оларды «сыбайлас жемқорлықпен айналысты» деп ашық айыптаған. Əсіресе, Бауыржан Майрихов, Нұрман Үсіпбеков, Жасұлан Тұрымбетовтерді «білім бөлімін пара алу, пара беру ордасына айналдырды …. т.б.» деп, оларға ауыр айып таққан. Арасында жүргендіктен, барлығынан хабардар болғасын сондай тұжырымға келген шығар деген ой туындайды….
Сапарəлі Селтанов зейнеткер болғанымен қазіргі таңда депутат, яғни мемлекеттік қызметкерге теңестірілген тұлға, ал жоғарыда аты аталған басшы Бауыржан Майрихов пен орынбасары Нұрман Үсіпбековтер мемлекеттік қызметкерлер. ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 52 бабының 6 тармағына сәйкес (мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып таққан кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап 1 ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауы тиіс) ақталу шараларын жүргізуге тиіс делінген. Бұл кісілер сол заңның талабына сай Бейсенəлі Қырғызалиевті сотқа беруін берген. Бірақ сот бітпей жатып, олар сотталушы Бейсенəлі Қырғызалиевке қатысты жекеше айыптаудан бас тартты. Бас тарту себебі мүлдем түсініксіз..
Сонымен қылмыстық іс тоқтатылды.
Демек:
а) аталған мемлекеттік қызметкерлер ақталу шараларын жүргізбеді, тоқтатты.
ə) ЗАҢ талабымен бұлар енді қайта арыз бере алмайды, яғни енді ақтала алмайды.
б) Мемлекеттік қызметкерлердің əдеп кодексінің талабына сай, жоғарыдағы мемлекеттік қызметкерлер өздеріне қатысты негізсіз сыбайлас жемқорлық туралы айыптау болған жағдайда міндетті түрде оны теріске шығаруы тиіс немесе жанама түрде сыбайлас жемқор екендігін мойындаған болып шығады. Яғни ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы » заңның 6-ші бабының 1-ші тармағының 11-ші тармақшасының талабына сай Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған болып шығады.
Дəл осындай жағдаятта 2 шешім болуға тиіс деп ойлаймын.
1.Басшы Бауыржан Майрихов пен орынбасары Нұрман Үсіпбековтер өздері ерікті түрде арыз жазып, атқарып отырған қызметтерінен кетуі керек, ал Сапарəлі Селтанов депутаттық мандатын өз еркімен өткізу керек ;
2. Не əкім, яғни Сіз Амангелдіұлы басшы Бауыржан Майрихов пен орынбасары Нұрман Үсіпбековке шара көруіңіз керек. Мемлекеттік қызметкерлер Бауыржан Майрихов, Нұрман Үсіпбековтер ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының
52 бабының 6 тармағын, қанша қаласа да орындай алмайды.
Сарыағаш аудандық сотының судьясы Берік Қаиповтың қаулысы 25-ші мамырда күшіне енді, 28-ші мамырда Сіз өз міндетіңізге сай шешім қабылдауыңыз керек деп санаймын. Шара көрмесеңіз Қайрат Амангелдіұлы, сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған қызметкерлеріңізге əрі қарай жұмыс жасауына рұқсат беруіңіз керек. Ал онда аудан əкімі, яғни Сіздің өзіңіз, сыбайлас жемқорлыққа жол берген болып шығасыз….
Шара көру керек-ау, Қайрат Амангелдіұлы ?!!!!
Заңгер болмағандықтан күмәнді һəм көзім жетіңкіремеген тұстары да бар болуы мүмкін!

Құрметпен «МедиаON» Республикалық ақпараттық, сараптамалық, құқықтық агенттігінің директоры — бас редакторы М.Абдалиева.

Қосымша: Сурет Сарыағаш ауданы əкімдігінің ресми-интернет ресурсынан алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *