Басты бет > Саясат > ОҚО: ОТЫРАР АУДАНЫНДА ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ОҚО: ОТЫРАР АУДАНЫНДА ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Мәдениет сарайында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және 1 желтоқсан – ҚР тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

ОҚО: Отырар ауданында қос мерекеге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды

Мерекенің мәні мен маңызын ашу, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, “Нұр Отан” партиясының төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын насихаттау мақсатында қойылған көрмеге тұлғаның кітаптары, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне арналған жаңа жинақтар да қойылған.   Ұйымдастырушылар оқырмандарға егемендігіміздің ширек ғасыры ішіндегі жетістіктермен қатар Елбасының әлем елдеріне жасаған жұмыс сапарлары кезінде сөйлеген сөздерімен де танысуға мүмкіндік беріп отыр.   Мереке күні оқырмандарға ұсынылған көрменің ашылуына аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, көпшілікті ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында атап өтіп отырған 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.   Құттықтау сөзінде аудан әкімі «Елбасының дана саясатының арқасында Астананың арқа төсіне қоныс аударуы мемлекетіміздің тұтастығын нығайтты. Осының арқасында миллиондаған отандасымыз болашақтың қандай болатынын көз алдарына әкеліп, сол жарқын болашақ үшін тынбай еңбек ету қажеттігін түсініп, ортақ іске құлшынды» деп атап өтіп, ҚР тұңғыш Президенті өзінің жас та тәуелсіз елін әлем алдында зор абырой мен беделге ие, жүзі жарқын, еңсесі тік мемлекетке айналдырғандығын жеткізді.

Сағындық ЖАНЫСБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.