Басты бет > Хабар > ОҚО-да 2017 жылы  тапсырылған тұрғын үй көлемі 36 пайызға артқан

ОҚО-да 2017 жылы  тапсырылған тұрғын үй көлемі 36 пайызға артқан

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы жалпы алаңы 721 мың шаршы метрді құрайтын 7482 пәтер ел игілігіне тапсырылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 36,2 пайызға артқандығын көрсетеді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлім етті.

«2017 жылы құрылыс 234 145 млн. теңгеніқұрап, 2016 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 5,3 пайызға көбейген. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 54,3 пайызы тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысына тиесілі», – деді АйдарАхметбекұлы.

Айта кетерлігі, 2017 жылы республика бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің 6,5 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына еншісіне тиді. 2016 жылмен салыстырғанда өсім бойынша облыс республикада 2-орынды иемденіп отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.