Басты бет > Хабар > ОҚО-да әуе шарларының фестивалі өтті

ОҚО-да әуе шарларының фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық «Ашық аспан» әуе шарларының фестивалі өтті. «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі аясында ұйымдастырылған шараға елімізден бөлек Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркияның спортшылары қатысты.

Онда фестиваль қатысушылары әуе шарларын көкте қалықтатып көрермен көзайымына айналды. Сондай-ақ, тәжірибелі спортшылар әуе шарларыр басқару бойынша шеберлік сабағын өткізді. Жиын барысында қалықтаған 15 аэростатпен көкке көтерілу бақыты Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарына да бұйырды. Мерекелік іс-шара күн батқанға дейін жалғасты. Фестиваль еліміздің эстрада жұлдызы Ғалымжан Молданазардың концертік бағдарламасына ұласты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.