Басты бет > Білім > ОҚО-да халықаралық білім ұйымдарының көрмесі өтуде

ОҚО-да халықаралық білім ұйымдарының көрмесі өтуде

20
views

Оңтүстік Қазақстан облысында «BILIM ÁLEMI» / EDUCATION WORLD-2018» бірінші халықаралық көрмесі өтуде. Онда 30-дан астам халықаралық және қазақстандық жоғарғы оқу орындары мен агенттіктер түлектерге мамандық пен оқу орнын таңдауда, екінші білім алу мүмкіндіктері мен кәсіби деңгейді көтеру туралы консультациялар береді.

Аталған шара ҚР Білім және ғылым министрлігі және облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Білім көрмесін аралап көрген облыс әкімі Ж.Түймебаев жастарға мүмкіндікті жіберіп алмау керектігін жеткізді.

«Елбасымыз «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекеге қабілетімен айқындалады» деген болатын. Сондай-ақ, өз Жолдауында барлық жастарға азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету туралы нақты міндет қойды. Осы міндетті жүзеге асыру мақсаттында білім беру қызметтерін таныстыру үшін біз осы алаңды ұсынып отырмыз. Мұндай іс-шаралар білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және өңірдін жалпы білім деңгейін көтеруге ықпалын тигізері сөзсіз», –деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шара барысында Американың, Канаданың, Кипрдің, Латвияның, Малайзияның, Ресейдің, Қытайдың, Францияның, Чехияның, Тайландтың, Казақстанның жоғары оқу орындары білім гранттары мен стипендияларын ұсынса, аймақ басшысы жоғарыда аталған білім ұйымдарын Алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетейік, «BILIM ÁLEMI» / EDUCATION WORLD-2018» халықаралық көрмесі Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» 20 сәуірге дейін жалғасады. Көрме аясында семинарлар мен таныстыруларды қамтитын арнайы іскерлік бағдарламалар қарастырылған.

 Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *