Басты бет > Саясат > ОҚО-да салымшалардың зейнетақы жинағы 500 млрд. теңгеден асты

ОҚО-да салымшалардың зейнетақы жинағы 500 млрд. теңгеден асты

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың шоттарының саны ағымдағы жылдың 1-қазанында 1003 мыңды құрады. Облыс салымшаларының зейнетақы жинақтары жылдың басынан 13,4 пайызға өсіп,  501,6 млрд. теңгеге ұлғайды. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚР ұлттық банкі» РММ ОҚ филиалының директоры Әнуар Ботанбеков мәлім етті. 

Әнуар Амангелдіұлының айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1,9  млрд.  АҚШ долларын құраған. Соның ішінде экспорт – 720,6  млн. АҚШ доллары, ал импорт – 1 134,4 млн. АҚШ долларына жеткен. 

«2017 жылдың 9 айында Ұлттық Банктің алтын валюталық резевтері 10,2 пайызға дейін өсті. Ал ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 56,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы қарызы бірінші жартыжылдықта  4,2 млрд. долларға өсіп, 167,9 млрд. долларға жетіп отыр. Сонымен қатар, банктердің кредит беру белсенділігін арттыру жалғасып келеді. Мәселен, жылдың басынан банктердің облыстағы кредиттерінің көлемі  4,8 пайызға ұлғайды», – деді Әнуар Ботанбеков.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысында жинақталған инфляция деңгейі 9 айда 4,8 пайызды құраған.  Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,4 пайызға төмен болып отыр.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.