Басты бет > Мәдениет > ОҚО-ДА РӘМІЗДЕР КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

ОҚО-ДА РӘМІЗДЕР КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

9
views
Оңтүстік Қазақстан облысының жастар орталығы ғимараты алаңында 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ерекше форматтағы флэш-моб өтті. Бұған өңірдегі бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Іс-шараға қатысушы жастарды облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақыт Ахымбетов мерейлі мерекемен құттықтады.

«Бүгін еліміз үшін айтулы мереке. 1992 жылы алғаш рет еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілген болатын. Соған орай жыл сайын осы күні Рәміздер күні мерекесі тойланады. Бұл шара әрбір жастың көкейінде патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру үшін ұйымдастырылып отыр. Мақсатымыз — еліміздің әрбір азаматына мемлекеттік рәміздердің маңызын ұқтыру, оларға деген құрметті арттыру, – деді Бақыт Сәрсенбайұлы.

Флеш-мобта жастар қолдарындағы жалаушалармен түрлі тақырыптық бейнелерді көрсетті. Сондай-ақ, 100-ден аса жас Шымкент қаласындағы «Мемлекеттік рәміздер» алаңы мен шаһардың ірі сауда орындарына барып, қала тұрғындары мен қонақтарына еліміздің мемлекеттік рәміздері бейнеленген стикерлерді, ақпараттық буклеттер мен жалаушаларды тарту етті.

Шара соңында Шымкент қаласының Орталық саябағында өңір жастары аға ұрпақ пен кіші буынға қосылып еліміздің Әнұранын шырқады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *