Басты бет > Мәдениет > ОҚО-ДА ОРКЕСТР ДИРИЖЕРІНІҢ 65 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

ОҚО-ДА ОРКЕСТР ДИРИЖЕРІНІҢ 65 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

Облыстық орыс драма театрында  ҚР Мәдениет қайраткері,  “Сүгір” атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері
Жомартова Ғалия Рахтайқызының шығармашылығына 45-жыл толуына арналған “Өнерім өмірім” атты шығармашылық кеші өтті.
Шарада облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірханұлы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының арнайы құттықтау хатын оқып, сый-сияпаттар табыстады.
Шығармашылық кеште оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ және шетел музыка өнерінің жауһарлары мен облыс әншілерінің орындауындағы әндер орындалды.

Жомартова Ғалия Рахтайқызы 1953 жылы 1 наурызда Шығыс Қазақстан облысы,  Зыряновск қаласында дүниеге келген.
1972 жылы Өскемен қаласындағы музыкалық училищесін баян класы бойынша тәмамдап, 1972 жылы Әл – Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтына түсіп, 1976 жылы бітірген соң, Оңтүстік Қазақстан облыстық  мәдениет басқармасының  жанынан   талантты жастардан құрылған «Достық» ән – би  ансамбльдің музыкалық жетекшісі қызметін атқарған. Осы ансамблдің құрамында Ғ.Жомартова 1972ж.- Кишинев (Молдова) , 1978ж.- Зелена Гура (Польша), 1985 Ресей, Өзбекстан, Куба мемлекеттерінде  түрлі халықаралық фестивальдерінде өнерін көрсеткен.
«Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірдің құрылғаннан бастап дирижер-өңдеуші ретінде  оркестр репертуарын кеңейтуге көп атсалысқан.
Ғалия Жомартова концерттік  шығармашылық жұмыспен қатар,  М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік университетінің доценті ретінде ұстаздық қызметін қатар алып келеді. 1988 жылы Санкт Петербург қаласында «Оркестрлік дирижерлау» мамандығы бойынша стажировкадан өтіп, теориялық білім мен дирижерлық қызметіне қажет тәлім мен тәжірибе жинақтап қайтты. Ғалия Рахтайқызы  15 оқу құралының, көптеген ғылыми мақалалардың авторы, 100-ден астам қазақ халық әндері мен күйлерінің, классикалық шет ел композиторлары мен  Ш.Қалдаяқовтың, оңтүстік өңірінен шыққан  сазгерлердің  шығармаларын  қазақ оркестрге өңдеп түсірген.
Ғалия Рахтайқызы елімізге танымал өнер иелерінің концерттеріне шығармаларын өңдеп, дирижерлық етті.Олардың қатарында  ҚР  халық әртісі Мынжасар Маңғытаев, Қазақстан мен Татарстан  республикаларының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нуржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Букенов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қ.Шойынбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденнің иегері Татьяна Бурмистровалар  бар.
«Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің дирижері ретінде облыс, республика көлемінде өткен  концерттік іс-шараларда өзіндік қолтаңбасы бар. Білікті маман ретінде Мәдениет, Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.