Басты бет > Мәдениет > ОҚО-да «Көршіге ізет» күні аталып өтті

ОҚО-да «Көршіге ізет» күні аталып өтті

19
views

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Көшіге ізет» күні аталып өтті. Бұл мереке облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңындағы онкүндік шарасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Онда көршілер арасындағы қарым-қатынасты бекемдеу және көршіге құрмет көрсету мақсатында Сайрам ауданы Қарабұлақ елді мекенінің тұрғындары Түлкібас ауданы Мыңбай, Жамбыл ауылдарының ақсақалдары мен белді азаматтарын дастархан басына шақырып, кездесу өткізді. Мерекелік жиында тұрғындар бір-біріне ілтипат көрсетіп, жергілікті этнос өкілдері қазақ еліне деген ақеділ алғысын білдірді.

Игі шараға облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков қатысып, елдің бірлігі, этносаралық татулықты сақтаудың маңызына тоқталды.

«Бірлігімізді көздің қарашығындай сақтап, оның қадірін жете ұғынсақ, ауыл-аймақтағы «тентектерімізді» уақтылы тізгіндеп отырсақ, біз барлық асулардан асамыз. Ал, ішкі татулықтың қадірін білу, оны тереңінен түйсіну, байыпты бағамдау сіздер мен біздерге жүктеліп отырған ауқымды жауапкершілік екенін ұғынуға міндеттіміз», – деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Мұндай іс-шаралар өңіріміздің барлық аудан қалаларында ұйымдастырылды. Облыс көлемінде өткен мерекелік жиындарға Аналар және қоғамдық келісім кеңестері, этномәдени бірлестіктер және түрлі клубтардан құралған 500-ден астам ұжым атсалысты. Қатысушылар «Көршіге ізет» тақырыбында көршілер арасындағы сыйластық пен ауызбіршілікті және көршіні құрметтеу туралы насихат жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, өңірімізде жаңа сипатта әрі жаңа мазмұнда бастау алған мерекелік шаралар 1 наурызға дейін жалғасады. Ертең, 24 ақпан – Тазалық күніне ұласады деп күтілуде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *