Басты бет > Білім > ОҚО-да ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған орталық ашылды

ОҚО-да ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған орталық ашылды

43
views

 Оңтүстік Қазақстан облысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Дамуында ауытқуы бар балаларды түзетумен айналысатын өңіріміздегі алғашқы мекеменің жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев орталықтың маңыздылығына тоқталды.

«Балалардың өмірін жақсартып, лайықты және табысты болашаққа қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін дер кезінде білікті мамандардың көмегі ауадай қажет болады. Сондықтан да ерекше оқытуды қажет ететін балаларға және олардың отбасыларына тиісті жәрдем көрсететін осындай орталық ашылып отыр. Енді бүлдіршіндеріміз білікті мамандардың демеуімен қатардан қалмай тиісті деңгейде білім ала алатын болады», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бұл «Дара» қайырымдылық қоры, Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы, «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорының қолдауымен ашылған еліміздегі сегізінші кабинет. Онда дефектолог, психолог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог сынды мамандар қызмет көрсетеді. Ақысыз түрде қызмет көрсететін түзету кабинеті жылына 150 балаға дейін емдеу жұмыстарын жүргізе алады.

Жиын барысында өңір басшысы «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаеваны орталықтың құрылуына сүбелі үлес қосқаны үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде Г.Досаева мұндай орталықта дәріс алған балғындарда қоғамға тез бейімделіп кететуіне мол мүмкіндік болатынын айтты.

Айта кетейік, Шымкент қаласында тоғыз мыңнан астам ерекше білім беруді қажет ететін жеткіншек бар. Оның ішінде 4000-нан астам баланың мүмкіндігі шектеулі болса, 672 бала мектепке дейінгі дамуында ауытқуы барлар санатына жатады. Жаңадан ашылған орталық көмекке зәру жандарға толықтай көмек көрсетеді деген сенім мол.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *