Басты бет > Мәдениет > ОҚО-ДА «ДӘСТҮРГЕ БЕРІК ОТБАСЫ» АТТЫ ТОК-ШОУЫ ӨТТІ

ОҚО-ДА «ДӘСТҮРГЕ БЕРІК ОТБАСЫ» АТТЫ ТОК-ШОУЫ ӨТТІ

31
views

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында отбасы құндылықтары мен тәрбие мәселесін жандандыру мақсатында «Дәстүрге берік отбасы» атты ток-шоу өтті. Шараны орталық директоры Жәнібек Тағаев ашты. Зейнеткер-ұстаз Ырымкүл Ертаева, «Құрмет» орденінің иегері Сексенбайқажы Тұрысбеков, «Байғұт баба» мешітінің наиб имамы Нұрмаханқажы, орталықтың ғылыми қызметкері Райхан Алтыбаева және Сәбит пен Гүлжазира Мүсіреповтер отбасыларының кейіпкер ретінде қатысуымен өткен шара барысында отбасы құндылығы мен қыз бала тәрбиесі, атастыру, әмеңгерлік және сүйек жаңғырту дәстүрлері жөнінде көкейде жүрген мәселелер талқыланды.

Ұстаз Ырымкүл Ертаева өмірінің белестерінен әдемі естелік шертті. Ерінен ерте айырылған ана перзенттері мен енесін мәпелеп қарағанын әңгімелеп берді. Өмірін өнегеге айналдырған жан. Шашының ұзындығы 2 метрден асады. Шаш деген киелі деген аналарының ұлғатын жадына сіңірген. Өмірдегікездескенүшқайғылыжайттардышашыныңқырқуыменбайланыстырады. Анасы да түс арқылы аян бергенін айтып, қызын сақтандырған екен. Сәбит пен Гүлжазира Мүсіреповтер әмеңгерлік жолмен отбасын құрған,бүгінде жеті перзент өсіріп отырған жанұя.

Сыр-сұқбат соңында сарапшылар: Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург Сая Қасымбек, Қаратау ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Бекмырзақызы Зүльфия, Облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми қызметкері, доцент Зылиха Жантасова бүгінгі көтерілген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз бағаларын берді.Шараға мәдениет мекемелері қызметкерлері мен қаламыздағы ЖОО студенттері қатысты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *