Басты бет > Жастар > ОҚО-да  «Бұраң бел» би фестивалі  өтті.

ОҚО-да  «Бұраң бел» би фестивалі  өтті.

19
views

Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып, Астананың 20 жылдығына  орай «Қиял әлемі» саябағында облыстық  «Бұраң бел» би фестивалі  өтті.

Фестивальдің мақсаты-өңіріміздегі би топтары арасында тәжірибе алмасуға ықпал ету,  әріптестік байланысты нығайту және оларды кеңінен насихаттау, тәжірибелі мамандардан дәріс алып, жаңа қырынан танылуға жағдай жасау болып табылады.
Осы орайда облысымыздың аудан, қалаларында үздік өнер көрсетіп жүрген 22 би тобы  27-28 сәуір күндері арнайы шеберлікті шыңдау дәрістеріне қатысты. Аталған би ұжымдарымен ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор, Өнертану кандидаты, Қазақстан Хореографтары Одағының мүшесі Ізім Тойған Оспанқызы, «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының режиссері, хореограф, ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты, «Қырғызстан Республикасының Мәдениет үздігі» төсбелгісінің иегері Арман Нұрмахаматұлы жұмыс жүргізді.
Фестивальдің ерекшелігі-байқау түрінде емес, өз өнерлерін гала-концертте көрсетіп, қала халқына  мәдени кеш сыйлауға арналған.
Сондай-ақ, «Тәуелсіздік» саябағында «Рухани жаңғыру»  флешмобы жасалып, ел рухын асқақтатып, рухани құндылықтардың даңқын, мәңгілік ел мұратын түрлі қимылдар арқылы насихаттаса, Облыстық орыс драма театры алдынан «Қиял әлемі» саябағына дейін 500-ден аса бишіден құралған  арнайы шеру жүріп өтіп,  гала- концертке ұласты.
Шараны Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Асылхан Темірханұлы құттықтау сөзбен ашып беріп, фестиваль қонақтарына алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстады. Сонымен қатар, фестивальге қатысушы би ұжымдарының жетекшілеріне де ақшалай сыйлықтар берілді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *