Басты бет > Мәдениет > ОҚО-ДА «БІР ӨЛЕҢ-БІР СУРЕТ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ОҚО-ДА «БІР ӨЛЕҢ-БІР СУРЕТ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

47
views

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ОҚО Бейнелеу өнері музейі және облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Елордамыз-Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Бір өлең – бір сурет» жас суретшілер байқау-көрмеcі өтті. Үміткерлер ақын, Физули атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Құрал Көмектің «Қазақ елі», «Астанаға нұр шашу» туындыларына сүйене отырып, өлеңдердің мазмұнына байланысты өз ойын қағаз бетінді сипаттады.
Байқау-көрменің мақсаты — өскелең ұрпақты еліміздің арман  қаласы Астанаға деген құрметін сезіну. Шығармашыл жастардың шабытын оятып, Астана қаласының 20 жылдығын бейнелеу өнері арқылы отанға деген патриоттық сүйіспеншілігін арттыру және қолдау көрсету.

Өлеңмен ұштастыра отырып салынған суреттерді ОҚО Бейнелеу өнері музейі директорының орынбасары Е.Рүстембек, Облыстық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Г. Жанысбекова, ОҚО Суретшілер одағының төрағасы Н.Шилібаев, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы, кескіндеме профессоры, суретші Ә.Айдосов, ОҚО Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының редакторы, Халықаралық «Баспасөз сыйлығының» иегері М. Айтпенбетова саралады.
Аталмыш көрме-байқау өте жоғарғы деңгейде өтті. Қазылар алқасы өздерінің оң шешімін қабылдап, көпшілікке жариялады.
Байқау жеңімпаздары ретінде  төмендегі қылқалам иелері марапатталды.
Бас жүлде:
1. Абдураимова Санобар Алимжановна
2. Литвина Валерия Александровна

І-орын:
1. Кеңес Мөлдір Тұрарқызы
2. Сәлімбай Ақайдар Маратұлы

ІІ-орын:
1. Шураева Айдана
2. Ілиясова Маржан
3. Сайдулла Ұлжан
4. Советқызы Ақтолқын

ІІІ-орын:
1. Ахилбеков Усен
2. Оразбай Динара
3. Ерман Аманғали
4. Әбдікәрім Салтанат
5. Баданина Анастасия
6. Қожан Ұлпан

Үздік мәтін оқығаны үшін:
1. Әлібай Жұмагүл
2. Буранов Алимжан

Үздік композиция:
1. Шампилова Ғаля
2. Орақбай Гаухар

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *