Басты бет > Хабар > ОҚО-да ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға бағытталған семинар өтті

ОҚО-да ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға бағытталған семинар өтті

14
views

Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында Қазақстанның аграрлық секторын — экономиканың жаңа драйверіне айналдыру қажеттігін атап өтті. Жолдауға сәйкес, алдағы 5 жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты кем дегенде 2,5 есе арту қажет болатын. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспары жайындағы кеңейтілген семинар өтті.         

     Жиында алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы ауыл шаруашылығы өндірісіндегі өңірдің еліміз бойынша алатын үлесіне тоқталып, сала мамандарына бірқатар тапсырмалар берді.

  «Жалпы республикалық ауыл шаруашылығы өндірісінде облысымыздың үлесі мақтадан – 100 пайыз, бақша өнімдерінен – 66 пайыз, жүзімнен —  65 пайыз, мақсарыдан — 40 пайыз, жеміс-жидектен — 31 пайыз, көкөністен — 24 пайыз көлемінде. Бұл көрсеткішті одан ары арттыру үшін қарқынды технологиялар мен инновациялық жетістіктерді кеңінен өндіріске енгізу қажет. Сондықтан ғалымдармен бірлесе зерттеу жұмыстарын кеңінен жүргізіп, әлемдік талаптарға сай өнім өндіруге ұмтылған жөн. Алдағы уақытта шаруалар озық ылғал үнемдеу технологияларын пайдаланып, түсімділігі жоғары, жаңа сортты дақылдар егіп, қарқынды бау, жаңғақ, жүзім мен жеміс-жидек алқаптарын ұлғайту керек. Сондай-ақ, тек шикізат күйінде экспорттамай, өнімді қайта өңдеу арқылы түрлі өнім түрінде шығарғанымыз дұрыс», — деді Жансейіт Түймебаев.

Бұдан өзге, жиында «Ж.Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантині ҒЗИ» ЖШС-ң Бас директоры, академик А.Сағитов саладағы өнімділікті арттырудағы жаңа ғылыми жетістіктерге тоқталса, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Тұрбеков аталған саланың облыстағы әлеуеті жайында баяндама жасады. Сондай-ақ, аудан әкімдері мен шаруашылық басшылары ауыл шаруашалығындағы өнімділікті арттырудағы қажеттіліктерін жеткізді.

Сонымен қатар, басқосуда өңірдегі мал шаруашылығы саласын көркейту жайы сөз болды. Атап айтқанда, “Ақылды жайылым” алқаптарын көбейту, ауыл, елді мекендердегі ортақ мал жайылым қорын тиімді пайдалану, өсімдік қалдықтарын мал азықтыққа жарамды ету жолдарын қарастыру, өнімділігі жоғары асыл тұқымды малдарды пайдалану сынды ұсыныстар айтылды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *