Басты бет > Мәдениет > ОҚО-ДА АУЫЛДЫҚ КЛУБТАР ЖҰМЫСЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛЕДІ.

ОҚО-ДА АУЫЛДЫҚ КЛУБТАР ЖҰМЫСЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛЕДІ.

34
views

Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Клуб мекемелерінде атқарылатын жұмыстардың бағыты мен міндеттері» атты облыстық семинар –кеңесі өтті.

Шараның мақсаты-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы міндеттегендей рухани жаңғырудың жарқын жолын мәдениет және өнер салалалары қызметкерлерімен бірге талдап, талқылау, салт-дәстүр, әдет-ғұрып және ұлттық болмысымыздың кодтарын ұғындыра отырып, облысымыздың аудан, қалаларындағы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының жұмысын жандандыру, жаңа серпін, жаңа бағыт бағдар беру болып табылады.
Осы орайда, аталған басқосуға өңіріміздегі мәдениет саласы қызметкерлері мен аудандық, ауылдық клуб меңгерушілері және кітапхана басшылығы, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Семинар Төлеби ауданындағы «Ғайып ерен, Қырық шілтен» тарихи орынын аралаудан бастау алып, Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапханасының жұмысымен таныстырылды.
Басқосуда Рухани жаңғыру бағдарламасын Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру барысы туралы «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесінің жетекшісі Әшірбеков Бақытжан Айдарханұлы баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар және Мәдениет саласын жаңартудың басты бағыттары» жөнінде облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Әділханов Нұрлан Ыдырысұлы пікір білдіріп, мəдениет үйлері мен клубтарда талапқа сай жұмыс атқаруы үшін сегіз бағыттан тұратын бағдарламаны нақтылап берді.
«Мәдениет және халық шығармашылығын дамытуда әрбір кезеңнің өзіндік талап, жоспарына сәйкес аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар қарқынды жұмыс тәртібін жолға қоюы күннің басты мақсатына айналды. Әсіресе, ауылдық өнер мекемелері елдімекен халқы және жас дарындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, үйірме жұмыстарын жандандырып, ұлттық өнер кеңістігін нығайтуы тиіс екендігін айтқым келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек»,-деп баса айтқаны белгілі. Ұлттық сананы жаңарту үдерісі қарқын алған тұста ауылдық клубтардың да заманға сай болуын қамтамасыз ету қажет. Қазіргі таңда облыс көлемінде 258 мәдениет үйлері мен клуб мекемелері жұмыс жасайды. Оның ішінде, 12 аудандық, 4 қалалық мәдениет үйі және 81 ауылдық мәдениет үйі, 148 ауылдық, 3 кенттік клубтар (10 қалалық клуб) бар»,-дейді облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының директоры Əділханов Нұрлан Ыдырысұлы.
Шара барысында «Ұлттық салт-дәстүрлер – табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттары» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы Ләйлә Жұмабай, «Мәдениет — Ұлы даланың Рухани өзегі» тақырыбы аясында
Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асылбеков Әуесбек Жақсыбекұлы, «Ұлттық құндылықтарымыздың рухани жаңғыруы» мəселесі бойынша Отырар аудандық мәдениет сарайы балалармен жұмыс жасау бөлімінің меңгерушісі Изетова Назгүл Басханқызы баяндама жасап, келелі ойларын ортаға салды.
Семинар-кеңеске қатысушылар мәдениет үйлері мен клубтардың заманауи үлгіде жұмыс жасауы, үйірме жұмыстарына басымдық беру сынды
пікірлер алмасып, Төлеби аудандық мəдениет үйі жанынан құрылған Халық театрының «Төлебидің төрелігі» қойылымы жəне аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Рухани жаңғыруды кеңінен насихаттау мақсатында Төлеби аудандық көркемсурет мектебінің жас қылқалам иелерінің төл туындылары жəне қолөнер шеберлерінің көрмесі де шарадан тыс қалмады.

 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *